Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзін БҰҰ қызметкерімін деп таныстырған жігіт қазақстандықтарды тақырға отырғызып кеткен

Пысық алаяқтың арбауына түсіп қалған алматылық Алуа есімді тұрғын басынан өткен жағдайды баяндап берді.

7b538cbd84f64ad376ab138dbfe6e561_XL

Бұл туралы NewTimes.kz хабарлайды.

2016 жылы қызға заңгердің көмегі керек болады. Таныстары оған 41 жастағы Ардақ Әнуарбековты ұсынған. Өзін БҰҰ қызметкерімін деп таныстырған жігіт, құқықтық мақсаттағы кез-келген шаруаны шешіп бере аламын дейді. Бірақ, ер адам біраз уақыттан соң ірі көлемдегі ақшаны алып ұшты-күйлі жоғалған.

“Бір жыл бұрын бізге заңдық тұрғыда заңгердің көмегі керек болды. Ол БҰҰ қызметкерімін деп, құжатын да көрсетті. Оқиға 2016 жылдың 26 желтоқсанында болды, ол 5 мың долларды алып кетті. Қолхат жазылып, сәуір айында қайтаруы тиіс болған. Мен оны сотқа бердім, бірақ оны әлі таппай жатыр. Әзірге еш нәтиже жоқ”, – дейді Алуа.

Алуа өз күшімен ақшаны қайтармақ болып, Ардақтың ата-анасын, әйелін, үш баласын табады. Тұрғылықты мекен-жайы бойынша ол табылмаған, ал ата-анасы болса ұлдарының қайда екенін білмейді. Ал әйелі болса онымен 10 жыл бұрын ажырасып кеткенін айтыпты. Туыстары оның атақты алаяқ екенін айтқан. Қыз әлеуметтік желіге алаяқ туралы жазған кезде өзі секілді алданып қалғандар саны әлдеқайда көп екені белгілі болады.

“Бір әйел хабарласып 1 миллион, бір ер адам хабарласып 4 миллион қарызды қайтара алмай жүргендерін айтты. Ол адамдарға пәтер, сот процесі бойынша көмектер ұсынған”, – дейді зардап шегуші.

Алуаның сөзінше, ол клиентінің қаржылық жағдайын көре отырып, бағаны өзі белгілеген.

Оқи отырыңыз:

Kaspi Bank ұрылар туралы ақпарат айтқан адамға 5 миллион теңге төлейді

Өзге ағымдағы қазақ жігіті жарылыс жасап шаһит болу жоспары жайлы айтты (видео)

Қызылорда облысында дастархан басындағы суреттерін желіге жүктегені үшін 18 шенеунік жазаланды

Елімізде латын әліпбиі мектептерде қай жылдан бастап оқытыла бастайды

Талқылау