Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзін ашық геймін деп жариялаған шешен жігіті туралы репортаж пайда болды

Британиялық Time журналы Шешенстаннан келген босқын Мовсар Эскархановтың өмірі туралы репортаж жасады. 28 жастағы жігіт қазіргі таңда Германиядағы босқындарға арналған лагерде тұрып жатыр.

Бұл туралы Meduza хабарлайды.

Неміс елі оған саяси баспана беруден бас тартып, мемлекет аумағынан депортацияланатынын айтқан. Эскарханов Ресейге оралғысы келмейді. Себебі өзі ашық гей болғандықтан Шешенстанда өлтіріп тастайды деп қорқады.

Жас жігіт Грозныйда өзін асырап алған анасымен тұрған. Жағдайлары онша болмағандықтан бір күні ол интернетке өзінің бүйрегін сататыны туралы хабарлама жариялайды. Оған хат жібергендердің бірімен ол жақын сөйлесіп кетеді. Олардың жазысқан хаттары интимді мазмұн алып, танысы Мовсарды кездесуге шақырады.

Сөйтсе кездесу әдейі ұйымдастырылған екен. Мовсарды машинаға отырғызып алған бір топ жігіт оны орманға алып барып, өзінің гей екенін камераға қарап мойындауды талап етеді. Дау көтеруші айтпаған жағдайда 200 мың рубль бересің дейді. Мұндай ақшасы болмағандықтан Эскарханов камераға қарап өзінің гей екенін айтып, кейін видео желіге тарап кетеді. Осыдан соң ол Шешенстаннан қашып кеткен.

Алайда 2011 жылы қайта оралған кезде полиция оны терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұстайды. Сосын ол тәртіп сақшыларына өзінің басынан өткен жағдайды айтып береді. Осыдан соң олардың бірі Мовсарды зорламақ болып, артынша екі туысын шақырып жігіттің көзін жоюды тапсырған. Бірақ, полиция да, туыстары да жігітке қатысты сұхбат беруден бас тартқан.

Эскарханов 2013 жылы тағы да Шешенстаннан кетіп қалады. Алдымен Шығыс Европаға жетіп, сосын Германияға барған жігіт, баспана алуға көмек сұрайды. Көптеген шешендер орналасқан босқындар лагерінде Мовсарды асқан жылылықпен күтіп алды деуге келмейді.

2016 жылдың қараша айында оның бөлмесіне үш ер адам басып кіріп, Мовсарды өздерімен бірге алып кетпекші болады. Бірақ, оның айғайын естіген босқындар полиция шақыртады. Осыдан соң ол мейлінше қауіпсіз орынға көшіріледі. Дегенмен Германия оған босқын мәртебесін беруден бас тартқан. Оны ең қорқытатыны босқын мәртебесіне ие болған шешендер тарапынан төнетін қауіп екен. Қазір ол Германиядан шығуы тиіс, олай болмаған жағдайда депортация жасалады.

“Мен өзімнің түрімді жасырғым келмейді. Көрсе бүкіл әлем көрсін. Шешендік гейлерге қайда барса да маңызды емес. Мейлі Марсқа кетіп қалсын. Бірақ ол жақта да шешендер болса, олар бізге тыныштық бермейді”, – дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Бүкіл отбасын асырап отырған 13 жастағы қырғыз қызы халықаралық сыйлыққа ұсынылды

АҚШ-та қарындасын қорғамақ болған 8 жасар баланы балғамен аяусыз ұрып өлтірді

Қытайда енді WhatsApp бұғатталды

Стив Джобстың қолтаңбасы 15 мың долларға сатылымға шығарылды

Талқылау