Өзімізден бастайық: Сәкен Майғазиев қазақша көше аттарын қате атайтындарды сынға алды

Ел жанашырларының бірі Сәкен Майғазиев қазақша көше аттарын қате атайтын тұрғындарды сынға алды. Әнші қазаққа еңбегі сіңген азаматтарды қорлап жүргенімізді айта келе, бұл олқылықтың орнын толтыруға шақырды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Өзімізден бастайық: Сәкен Майғазиев қазақша көше аттарын қате атайтындарды сынға алды

Бұл орайда Майғазиев бастан өткен оқиғасынан мысал келтірді.

“Қанат, Сапар, Ерболат төртеуміз бір көлікте келе жатырмыз. Өзімізше, бірімізден біріміз өткен отансүйгіш, ұлтжанды, тіл жанашырымыз. Қанаттың қызуқандылығын қалтафонының қоңырауы бөліп жіберді: – Әлө, Абаямен келе жатырмыз, Жандосыбаға қарай (ул.Ураза Джандосова) бұрылайық па?” Іле-шала менің қалтафоным “шыр” ете қалды. Мен: -…Иә-иә, бәріміз біргеміз, Қаната, Сапара, Ерболата төртеуміз келе жатырмыз. – дедім, достарымды шымши сөйлеп. “Болды, болды, Сәке, түсіндік…”, десті ойымды ыммен түсінетін достарым.

“Иванов, Петров, Сидоров… деген көшелердің атын қазақшалауымыз керек”, деп аттандағанда алдымызға жан салмаймыз. Орыстілді отандастарымыз бен дүдәмал дүбәрәларды айтпағанда, баба тілін биік бағалайтын басым көпшілігіміз Тұрар Рысқұлов көшесін “ЫрысқұлыбА” (ул. Рускулова), Жұмағали Сайынды “СайнА” (ул.Саина), Ыбырай Алтынсаринді “Правда” деп жүргенімізді аңғара бермейміз. Тіпті отандық фильмдер мен телесериалдарда, хабарламалар мен жарнамаларда осындай өрескел қателіктер өріп жүр. Өзімізден бастайық, бауырлар” (автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған) – деп ойын білдірді ол Instagram-дағы парақшасында.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар