Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Өзіме ұқсамай қалсам ше": Мәдина Сәдуақасова қыздарды табиғи сұлулықты бағалауға шақырды

Әнші Мәдина Сәдуақасова неге бетіне ботокс, пластика жасамайтынын айтып, көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасына макияжсыз суретін жүктеп, бетіне неге пластика, ботокс жасамағанын түсіндірді. Өнер иесі табиғи сұлулығымды жоғалтып аламын деп қорқатынға ұқсайды. Мәдинаның айтуынша, ондай шараларды жасау шынайы бейнеңді құртады.

«Мәдина, неге бетіңе ештеңе жасатпадың? Пластика, ботокс? Продюсер ретінде сұрап тұрмын дейді Ерік Тастамбеков. Соңғы кезде осы сұрақтарды жиі қоятын болып жүр. Жауабы: Өзіме ұқсамай қалсам ше, мүмкін..., мүмкін... Міндетті түрде жасату керек па?» - деп жазды өнер иесі.

Өнер иесінің бұл пікірін желі қолданушылары қолдап, ойларын білдірді.

«Мәдина, әлі жассыз, әдемісіз, оған әлі үлгересіз», «Табиғи сұлулыққа не жетсін», «Жасатпаңыз, жүр ғой беттері кірпіш болып», - деп жазды желі қолданушылары.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр