Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзім 70 мың, қызым 80 мың жалақы алады": Елімізде қайыр сұрап жүргендер шын мұқтаждар ма?

Рамазан айында берген садақаңның сауабы екі еселенеді деп жатады. Осы себепті жұрт жақсылықты молынан жасауға тырысып бағады. Алайда, осы айда сауап жинаушылардың саны қалай артса, сол сауапты арам пиғылына жарататын пысықайлардың да қарасы көбейіп кететіні бар.

qaiyrshy

“Адамдардың пейілін, кең таза пейілін пайдаланатын кейбір пенделер жағдайлары бар болса да, жұмыс істеуге қабілеті, қауқары жетсе де осы яғни садақа сұрау, қайыршылықты тілеуде. Өзінің жаңағы әдетіне және де бір кәсіпке айналдырып алады. Кейбірі арбада отырады. Өзіне жан ашыту арқылы қолдарына қарау дұрыс емес. Зекет, садақа ол мұқтаждардың ақысы! Сол мұқтаждардың ақысына сол жаңағы тілену мұқтаждың ақысын жеу деген сөз”, - дейді "Зекет қоры" директоры Талғат Омаров.

Шын бейбақ пен пайдакүнемді қалай ажыратуға болады. Қол жайып, қайыр сұрағанның бәрі мұқтаж емес, деп хабарлайды Евразия арнасына сілтеп Stan.kz.

Астана. Жұма. Мешіт алаңы. Естуімізше тілемсектердің бизнесі қазір осындай жерлерде қызып тұр. Беттің арын белге байлап біз де шықтық, деп хабарлайды Евразия тілшісі. 

-Автобусыма 10 тг жетпей тұр еді бере аласыз ба? 

- Берейін! 

-Қыздар 20 теңге бере тұрыңыздаршы автобусқа жетпей тұр! 

-Аға 10 теңге бере тұрыңызшы автобусымызға жетпей тұр!

-10 тг емес, 50 тг бар! 

Бес минуттың ішінде 100 теңге алдым! Бірақ алғаным жоқ, бәрін қайтарып бердім!

Енді есептеңіз, тағы жарты сағатқа кідіргенімде түскі асымның құнын шығарып алар ем! Жұрт жомарт па? Әлде?

-Неге мен мұқтаж адамға ұқсап тұрмын ба?

-Мен енді мешіттің алдында жүрмін ғой! Алланың разылығы үшін!

-Енді көмектесейін деп, жетпей тұрғасын! 

Қасиетті айда біреудің қолын қайтаруды дұрыс санамайды біздің жұрт!
Және мұны тілемсектер де жақсы біледі. Сосын тиын-тебенге мұқтажы бар, мұқтаж емесі бар, бәрі көше кезеді. Мысалы мына кейуана.

“Оразаның уақыты болғасын күнде шығып жүрмін! Ораза болмаған айда шықпаймын ғой! Оразада  пітір береді әйтеуір, аяйды ғой үлкен адам болғасын!”, - дейді.

Иә! Бұл кісіні қай тұрғысынан алып қарасаңыз да қайыршы деуге келмейді ғой енді.

-Пенсияңыз бар ма?

-Пенсиям бар 71 мың!  

Кешіріңіз бірақ, тілемсектердің қатарына мына кісіні де жатқыза алмадым.  

-Қызыңыз ше, жұмыс істемей ме? 

-Істейді, ауруханада 70-80 мың алады! 

Оған алатын  зейнетақысын тағы қосыңыз! Осыған қарамастан базар төңірегінен тиын-тебен табады! 

-Мынаны жаңа сұрап алдым сатушылардан, огурцы, анау-мынау! 

-Қанша табасыз бір күнде, 1000 теңге шыға ма? 

- Көп, 2000 теңге шығады. 

Осының бәріне қарап тұрып, сірә біз жалған мұқтаждық пен шынайы мұқтаждықты айыра алмай жүр екенбіз деген ой келді. Ендеше ара жігін ажыратып алайық! Қайыршы деген кім өзі?

“Жалпы қайыршы деген анықтамасын айтып кететін болсақ ол яғни минималды биологиялық тіршілігін ғана қамтамасыз ететін адамдар тобын айтамыз”, - дейді әлеуметтанушы Эльмира Отар. 

Яғни ақшасы бір күндік тамағынан артылмайтындарды айтады екенбіз. Бұл бірінші фактор. Екіншіден, 12 мүшесі сау, екі қолға бір күрек ұстауға қауқарлы, бірақ соған қарамастан тиын тебен сұрайтындар ше? Оларды қайыршы деуге келе ме?  

“Бір күндік тамағын тауып жеуге қауқары жеткен адамның қайыр сұрауы не оған қайыр беру харам дейді. Абайдың 37-і қара сөзінде айтады ғой. Тоқ тіленші адам сайтан деп. Жалпы сіздер білесіздер шайтан өзі екі түрлі болады, құдайдың шайтаны адамның шайтаны деген. Қазақта бір сөз бар құдайдың шайтанынан адамның шайтаны күшті деген. Сонда өзі тоқ бола тұра, қайыршылықты кәсіпке айналдырған адам тоқтіленшілік”, - дейді абайтанушы Омар Жәлел.

Бірақ соған қарамастан, садақа сұрайтындардың арасынан, тепсе-темір үзетін жігіттер мен аяқ-қолы балтадай бұрымдыларды көріп жүрміз ғой осы. Олар не істеп жүр?  

-Сізді базардың маңынан жиі байқаймын! Отбасыңыз бар ма жалпы?

- Көшеде күніге неше табыс табуға болады. 

“Бұндай адамға қайыр беру 12 мүшесі сау болып тұрып қайыршы болу ол адамды одан сайын бұзады. Көмектесу тұрғысынан Абай айтады. Кісіге біліміне қарай болыс дейді. Мысалы кей адам талантты бірақ ақшасы жоқ! Ал, татымсызға болған болыстық оны бұзады дейді”, - дейді Омар Жәлел.

”Ол өмір сүру стилі, кәдімгідей өзінің күнкөрісін, басқа ештеңе істеу білмейді. Айтады ғой, кедейге көп ақша берсең де ол шамалы уақыттан кейін кедей болады деп. Адамның психологиясына көп зат байланысты. Яғни басқаша өмір сүру білмейді ол!”, - деді әлеуметтанушы. 

Талқылау