Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзі құтқарған алып жыланмен суретке түспек болған ер адам өліп қала жаздады (видео)

Үндістанда алып жылан өзін құтқарып қалған орманшыны буындырып өлтіре жаздады.

Өзі құтқарған алып жыланмен суретке түспек болған ер адам өліп қала жаздады (видео)

Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Үндістандағы Батыс Бенгалия штатында Санджой Дутта 10 метрлік питонды құтқару бойынша топты бастаған. Ер адам жыланды құтқарғаннан кейін, оны мойнына салып, суретке түспек болған. Алайда осы кезде жылан оның мойнына оратылып, буындыра бастапты.

Сол жерде болған адамдар орманшыны құтқару үшін, жыланның құйрығынан тартқан.

Куәгерлердің бірі түсірген видеода адамдардың қорыққаннан айқайлап жатқаны естіледі.

Нәтижесінде ер адам аман қалды. Ал орманшылар алып жыланды жібере салыпты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау