Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзгерістен қорықпайтын актриса: Шарлиз Терон өзінің соңғы фильмі үшін 20 келіден аса салмақ қосты (фото)

Оскар сыйлығының иегері Шарлиз Терон жақсы фильм үшін кез келген өзгеріске дайын. Ол мамыр айында жарыққа шығатын «Талли» ​​фильміндегі рөлі үшін 23 келіден аса салмақ қосты. Актриса бұл өмірдегі ең күрделі рөлдердің бірі екенін мойындады. Сондай-ақ, ол осындай өзгерістің салдарымен бір жарым жылдай уақыт күресемін деп, күйзеліске түскен.

Өзгерістен қорықпайтын актриса: Шарлиз Терон өзінің соңғы фильмі үшін 20 келіден аса салмақ қосты

Бұл туралы bigpicture.ru-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Актриса үшін дене бітімін түбегейлі өзгерту жаңалық емес. Ол 2001 жылы «Сладкий ноябрь» фильміне түсу үшін 13 келі салмақ тастаған.

Өзгерістен қорықпайтын актриса: Шарлиз Терон өзінің соңғы фильмі үшін 20 келіден аса салмақ қосты

Ал 2003 жылы «Монстр» фильміндегі алғашқы адам өлтіруші әйелдің рөлі үшін сыртқы көрінісін адам танымастай етіп өзгертті. Ол кезде  актриса 14 келі салмақ қосып қана қоймай арнайы протез, контактілі линза және бет-әлпетін ұсқынсыз қылатын гримм жасатты. Шарлиз Терон осы фильмнің арқасында алғашқы және қазірше жалғыз Оскарға ие болды.

Өзгерістен қорықпайтын актриса: Шарлиз Терон өзінің соңғы фильмі үшін 20 келіден аса салмақ қосты

Режиссёр Джейсон Райтманның жетекшілігімен түсірілген “Талли” фильмінде 42 жастағы актриса тоз-тозы шыққан үш баласы бар, жалғызбасты ананың рөлін сомдайды.  Шарлиз Терон артық салмақ қоспаған жағдайда үй шаруасынан шаршап, таусылған әйелдің бейнесін сенімді түрде көрсете алмаушы едім, деп санайды. Актриса грим және арнайы костюмдерді қолданбай-ақ, табиғи жолмен салмақ қосып өз рөлін керемет сомдамақшы болған.

Өзгерістен қорықпайтын актриса: Шарлиз Терон өзінің соңғы фильмі үшін 20 келіден аса салмақ қосты

Осы рөлге дайындалу үшін Шарлиз Терон үш ай бойы салмақ жинаған екен. Жақында болған сұхбатында ол осы процестің әсерімен бөлісті.

«Алғашқы үш апта өте көңілді өтті. Мен кондитерлік дүкендегі бала секілді болдым. Таңғы аста жылдам әзірленетін тағамдарды тұтынып, екі стақан сүт коктейлін іштім. Бірақ кейін ол соншалықты күлкілі болмады. Тамақтану менің жұмысыма айналды. Мен тіпті түн ортасында тұрып тамақ ішу үшін оятатын қоңыраулы сағат қойып қоятынмын. Себебі, салмақты ұстап тұруым қажет болды. Күнде таңғы сағат екіде тұрып төсегімнің жанында тұрған ірімшік қосылған суық макаронды жейтінмін»,-дейді Шарлис Терон.

Өзгерістен қорықпайтын актриса: Шарлиз Терон өзінің соңғы фильмі үшін 20 келіден аса салмақ қосты

Көшелерде фильм түсірілімі кезінде көптеген адамдар толып кеткен актрисаны танымаған. Шарлиз жиырма келіден аса салмақ қосқанда, күйзеліске ұшырай бастады. Тіпті актрисаның балалары анасын жүкті деп ойлап, бауыры немесе қарындасы болатынына қуанған екен. Айта кетейік, актрисаның туған балалары жоқ. Ол балалар үйінен асырап алған бүлдіршіндерді өз баласындай тәрбиелейді.

Өзгерістен қорықпайтын актриса: Шарлиз Терон өзінің соңғы фильмі үшін 20 келіден аса салмақ қосты

Тағы оқыңыз: 

Саңырау ит 16 сағат бойы 3 жасар қызды жылытып, аман алып қалды

Басына бес сантиметрлік кілт кіріп кеткен жігіт аман қалды

СІМ: Канадада зардап шеккендер арасында қазақстандықтар туралы мәлімет жоқ

Талқылау