Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзгенің жатыры салынған әйел бала босанды

Қытайда алғаш рет өзгенің жатыры салынған әйел бала босанды.

Сиань қаласында нәресте өмірге келді. Дәрігерлер 26 жастағы Ян Хуа 33 аптадан соң кесарь тілігін жасау керек екенін айтты. Осылай өмірге келген нәрестенің дені сау, салмағы – 2 келі.

Ян Хуа жатыры ауыстырылған Қытайдағы жалғыз әйел. 2015 жылы оған тумысынан жатыры мен әйелдік жыныс мүшесі жоқ деген диагноз қойылды. Қараша айында 43 жастағы әйелдің жатырын ауыстырып салды.

Ота алдында Ян Хуаның жұмыртқа жасушасын алып сақтап қойды. Оны кейін жасанды ұрықтандыру кезінде пайдаланды. Бастапқыда 4 рет жасанды ұрықтандыру сәтсіз шықты. Тек 2018 жылы жатыры салынғанан кейін үш жылдан соң жүктілік болды.

Дәл осындай жағдай алғаш рет 2014 жылы Швецияда болған. Одан бері әлемде 14 бала осындай жатыры ауыстырылған анадан туды.

 

2018 жылы 29 жастағы тағы бір әйелдің жатыры ауыстырылғаны жайлы жазылды. Ол Ян Хуаның ота жасағаны жайлы естіген соң, өзі де жасатуды жөн көрді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау