Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзгенің бүйрегінің арқасында тірі қалған павлодарлық донорлықты насихаттау ұйымын заңдастырып алмақшы

25 жастағы Ләйлә Ағажановаға өткен жылы жазда экс министр  Жақсылық Досқалиев ота жасаған еді. Жас қыздың өз бүйрегі соңғы бірнеше жылдан бері түрлі аппараттар мен медициналық қолдаудың арқасында әрең істеп тұрған. Ойламаған жерден Ләйләға 35 жастағы еркектің бүйрегі бұйырып, қазір дені сау адамдардың қатарына қосылған. Енді бойжеткен  өлер алдындағы, оқыс оқиға кезінде жан тәсілім еткендерге донорлықты насихаттайтын қоғамдық бірлестік ашып, оны заңдастырып, іске қосуды жоспарлап отыр.

буйрек

Бұл туралы STAN.KZ  pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ләйлә Ағажанова алғаш рет бүйрегіндегі дертті 2014 жылы Чехияда оқып жүрген кезінде сезе бастаған.

«Жүргенде ентігіп, жүрегім дүкілдеп қарапайым баспалдақтан өз күшіммен көтеріле алмайтын жағдайға жеттім. Ісіну пайда бола бастады. Етті мүлде жегім келмейтін. Соның салдарынан әлсіздікке душар болдым. Диплом алу салтанатына қатыса алмай қалдым. Оған дейін күні бойына ұйықтайтынмын. Павлодарлық дәрігерлер бүйрегімнің істен шыққанын, жарамсыз күйге түскенін түсіндірді. Одан дертім біріне бірі ұласып иммун тапшылығы ауруына шалдықтым. Дәрігерлер қан тазартуды ұсынды. Біз бірақ бұдан бас тарттық. Дәрігерлер шатасып тұрған шығар, әліде болса бұйрегімді емдетіп аламыз деп ойладық. Анаммен Қытайға бардық, ондағылар да осы диагнозды қойды. Қытайда емделіп жатқанда он күннен кейін ішім ісе бастады»,-дейді Ләйлә.

2014 жылдың қыркүйегінде  Қытайдан елге оралған Ләйлә отбасымен ақылдаса келе қанын тазартуға келіседі. Әр бір емнен кейін бірден қан қысымы көреіліп, бас ауруы болған.

Ләйләның апталап ұйықтай алмайтын кездері болыпты. Бір айдан кейін қыз екірет инсульт алған. Дәрігерлер Ләләның анасына бұдан да ауыр жағдайға дайындала беруді ескерткен.

«Туыстарымның ағзасы донор ретінде сәйкес келмеді. Өткен жылдың 30 мамырында  кешкісін ұйқтар алдында анам екеуміз серуендеуге шыққан болатынбыз. Бірден телефоныма қоңырау түсті. Астанадағы Ұлттық ғылыми  медициналық орталықтың қызметкерлері хабарласып,маған донор табылғанын айтты. Менің бүйрегім 35 жастағы еркектікі. Осыны ғана айтқан дәрігерлер қайтыс болған кісі жайлы  артық ақпарат беруден бас тартты. Осыдан бастап мен сау адамдардың қатарына қосылдым десем де болады. Екі жыл өткеннен кейін дүниеге сәби әкелу мүмкіндігі де бар. Науқастармен сөйлесемін. Олар мені көріп, ағзасы ауысқаннан кейін денсаулықтары жақсаратынына сене бастайды. Инстаграмда жеке блогымды ашып,онда  трансплантациядан кейінгі өмірім жайлы айтамын. Миы өлген бір адам төрт азаматтың өмірін сақтап қала алады. Қоғамда трансплантацияға деген жақсы көзқарасы қалыптасса екен деймін»,-дейді Ләйлә Ағажанова.

Есте болса, өткен бейсенбіде  Павлодар қаласында  инсульттан қайтыс болған Олесия Пушкинаның туыстары баспасөз отырысын өткізген еді. Әйел қайтыс болғаннан кейін оның жүрегі  62 жастағы Алматы тұрғынына, бауыры Астана тұрғынына берілген еді.

Онда Олесияның туыстары өздерін ғаламтор желісінде осы үшін сөккендердің көбейіп кеткенін айтқан. Сондай-ақ қайтыс болған қыздың ағзасы үшін ешкімнен ешқандай ақша алмағандарын түсіндіруге тырысқан.

Осы отырыста № 1  Павлодар қалалық ауруханасының бас дәрігері  Советхан Смақов  Қазақстанда 3052 адам ағзасын ауыстырмаса болмайтын жағдайда екенін айтқан. Павлодар облысында ондай науқастардың саны 125-ке жеткенін,олардың үшеуі балалар екенін жеткізген.

Баспасөз отырысынан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар бас дәрігер айтқан балалар донор көмегіне жетпей қайтыс болғанын хабарлады.

 

 

 

Талқылау