Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзгенің бет терісі тігілген тұңғыш әйел Францияда көз жұмды

Бетіне өзгенің терісі салынып, ота жасалған тұңғыш әйел Изабель Динуар (Isabelle Dinoire) Францияда 49 жасында көз жұмды.

_64394786_indexrexfeatures_1280042d

Динуар 2005 жылы өз иті өзін талап, жарты бетінен айырылған болатын. Бір жылға жетпей ол әлемде бетіне өзгенің терісі салынып, алғаш пластикалық ота жасатқан әйел ретінде әлемге танылды. Ота Амьене ауруханасында жүргізілді.

“Википедияда” жазылған мәліметке сәйкес, Динуарға бет терісі және мұрын мен ауыз тіндері төсек тартып, миы өлді деп диагноз қойылған басқа әйелден алмастырылып салынған.

“Изабельдің сүйгені” (Isabelle’s Kiss) атты кітабында реципиент келіншек хирургтердің арқасында тамақ ішіп, сөйлеп, тіпті, жымию қабілетіне де ие болғанын толғанып жазады.

Он жылдан соң, өткен қыста Динуардың ағзасы алмастырылып салынған теріні қабылдамай, жағдайы нашарлай түсті. Салдарынан оның ерні төмен салбырап, дұрыс сөйлеу қабілетінен айырылды. Түрлі препараттармен емдеу кезінде келіншек екі түрлі онкологиялық ауруға шалдықты.

The Local сілтеген Le Figaro-ның мәліметінше, Динуар ауыр дертінен айықпай, осы жылдың жазында қайтыс болған.

Талқылау