Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзгенің ақшасын ұрлап тамақ алып жеген ұры уланып ауруханаға түсті

Жақын күндері ресейлік әйел ақшасы мен құжаттарының жоғалғанын айтып полицияға шағымданған. Полицейлер ұрланған заттарды емханада жатқан науқастың пакетінен тапты.

42099813bf8d97a1880906259a17b5b5

Ресейде ер адам жұмысшы әйелдің 11 мың рубль ақшасы салынған әмиянын ұрлап алады. Кейін ақшаға тамақ алып жеп, мерекелік кеш жасайды. Осыдан соң астан уланып емханаға түскен. Дәрігерлер оның сөмкесінен жоғалған заттарда тауып алыпты. Науқас комаға түсіп, ессіз күйде жатқан.

Жәбірленуші дала сыпырушы болып жұмыс істейді. Ол жұмысына келіп, пакетін қоқыс контейнеріне қойып, жұмысына кірісіп кеткен. Кейін заттарын таппай қалған.

Енді науқасты емделіп болған соң сот ісі күтіп тұр.

Жіберіп алмаңыз:

Мейірімді жүргізуші жаяу жүргіншілердің шалшықтан өтуіне көмектесті

Неліктен шайтандар құлшылық етушілерге көбірек жақын болады

Басына үлкен мүйіз шыққан әжейге дәрігерлер де көмектесуге қауқарсыз (видео)

Қытай қазағы: Зейнетақым 376 мың теңге, сіздерде ондай жалақы да жоқ екен

Талқылау