Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзге тілде сөйлеген сөзді сол уақытта қажет тілге аударатын құлаққаптар шығарылды

Indiegogo компаниясының негізін салушы және құрастырушы Эндрю Очао бір күні француз қызды кездестіріп, алайда ол ағылшын тілін білмеген соң онымен сөйлесе алмаған.

10380665-unspecified-3-1466580364-650-a9f0f55f93-1466662960

Суреттер: © waverlylabs

Осыдан соң ол сөзді бір тілден екінші тілге аударатын құлаққап ойлап табады. Яғни, құлаққап арқылы екі адам бір-бірімен екі тілде сөйлесіп, бірін бірі түсіне алады.

10380915-unspecified-2-1466578700-650-a9f0f55f93-1466662960

Pilot аудармашысы екі құлаққаптан тұратын смартфон бағдарламасы әрі  қуаттандырғыш құрал. Қазір құлаққап арқылы француз, испан, итальян, ағылшын тілдерінде сөйлесуге болады. Алдағы уақытта славян және шығыс, түркі тілдерінде аудару қолға алынбақ.

Құлаққап арқылы әр тілде сөйлескен көп адамдармен де әңгімелесуге болады. Яғни, әркім өзіне керек тілде аудармасын естіп отырады. Құрылғы қызыл, ақ, қара түсте шығарылған. Құлаққап арқылы ән тыңдауға да болады.

Талқылау