Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өзге елдердің мемлекет басшылары Тоқаевты құттықтауда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҚР Президенті лауазымына тағайындалғанына орай көптегеген құттықтаулар келіп жатыр, деп жазады Stan.kz Ақ орданың баспасөз қызметіне сілтей отырып.

Өзге елдердің мемлекет басшылары Тоқаевты құттықтауда

Солардың бірі АҚШ президенті. Бүгін Дональд Трамп да Тоқаевты президент болуымен құттықтады. Ол ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірлескен жұмысын жоғары бағалап, Қасым-Жомарт Тоқаевпен де жемісті қарым-қатынас күтіп отырғанын атап өтті.

«Біз екі ел арасындағы қарым-қатынастарда үлкен табыстарға қол жеткіздік және олардың дамып жатқанына қуаныштымын. Америка халқы мен бизнестің Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жаңа бағыттарын іздестіруді қалай жалғастырып жатқанын құлшына бақылаудамын», - делінген АҚШ президенті жіберген құттықтау жеделхатында.

Бельгия королі Филип те Қазақстан Президентін құттықтап, жоғары мемлекеттік лауазымда одан әрі жақсы қызмет ететініне тілектес екенін білдірді.

Ал Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер екі елдің әріптес екенін және ынтымақтастықтың көп түрлі байланыстардың берік іргетасына негізделгенін атап өтті.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевты Италия Республикасының президенті Серджо Маттарелла, Венгрия басшысы Янош Адер, Украина президенті Петр Порошенко да  құттықтады.

Соныменн қатар, БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш өз құттықтауында: БҰҰ-ның жүйесіне жақын осындай беделді және аса құрметті адамның жоғары лауазымға тағайындалғандығы қатты қуантып отыр, деп атап өткен болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаевтың алғашқы сапары Түркістанды аралаудан басталды деп жазған едік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр