Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодарда өзеннің мұзы жарылып немересімен суға түскен әйел қайтыс болды

Павлодарда егде әйел немересімен қоса суға кетіп, 53 жастағы азаматша көз жұмды. Ал ес-түссіз жансақтау бөліміне жеткізілген жеткіншектің өмірі үшін ақ халаттылар күресіп жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

e2885824b960d3f24584366e279f5399_big

Сурет www.voxpopuli.kz сайтынан алынды

Өзенге түсіп кеткен әйел мен баланың денесін орталық жағажай маңындағы тұрғындардың бірі байқап, көмек шақырған. Дереу жеткен құтқарушылар 53 жастағы әйелдің өлі денесін ғана судан алып шықты. Ал 7 жасар қыз бала тірі екен, жедел ауруханаға жеткізілді. Ертістің мұздай суына түсіп кеткен олардың аты-жөндері мен мекен-жайы анықталып жатыр. Болжамдарға қарағанда, немересін жағалауға ертіп келген әйел өзен үстімен жүрген. Салмаққа шыдас бермеген мұз жарылып, екеуі суға түсіп кетсе керек. Денесі қатты тоңып, тұншыққан қыз үшін дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасауда.

“Дене қызуы баланың өте төмен, жағдайы ауыр. Қыз бала тұншыққан, тонып қалған бала. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр”, – дейді Павлодар облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Жомарт Нұртазин.

Талқылау