Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өздігінен жүретін көлік алғашқы жол апатына тап болды

АҚШ-тың Калифорния штатында өздігінен жүретін көлік алғашқы жол апатына тап болды. Бұл машинаны Google компаниясы құрастырған еді. Оқиға Маунтин-Вью қаласында болды.

322

Сурет m2motors.com.ua

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Жол бойындағы құм толы қапты айналып өтуге ыңғайланған көлік автобусқа барып соққан. Зардап шеккендер жоқ. Бірақ Google-мобиль машинасы автобустың сол жақ бөлігін зақымдапты. Айта кетейік, Калифорния штатының билігі өздігінен жүретін «темір тұлпарды» пайдалану құқығын 2012 жылдың қыркүйегінде заңдастырған болатын. Қазір Маунтин-Вью қаласының көшелерінде осындай 20 көлік жүр.

Талқылау