Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өздігінен жүретін 12 жолаушыға арналған электробус жасалды (видео)

АҚШ астанасы Вашингтонда таяу арада шағын қоғамдық көлік пайда болады. IBM компаниясы Local Motors-пен бірлесе отырып пилотсыз Olli электробусын жасап шықты.

20160618080736

Сурет: Engadget

Автобусты IBM Watson суперкомпьютері басқарады, ал оны 3D-принтерде бөлшектерін басып шығара отырып құрастырмақ.

Бір автобусты басып шығаруға 10 сағат керек. Оны құрастыру кезінде 30 сенсормен жабдықтайды, оның ішінде радар, лидар мен камералар болады. Көліктің барлық ақпараты бірыңғай суперкомпьютер орталығына келіп түседі.

Шағын автобусты аялдамада күтуге болады, немесе арнайы ұялы қосымшасы арқылы шақырту мүмкіндігі қарастырылған. Көліктің жолақысы қолма-қол ақшамен талап етілмейді, тек діттеген жерге жеткеннен кейін есеп-шоттан алынады.

Автобусты сынау алдымен Вашингтонда бірнеше ай ішінде жүргізіледі. Кейінірек Olli Майами мен Лас-Вегас көшелеріне қатынайды.

Жіберіп алмаңыз:

Талқылау