Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбектер мінген автобус Ырғыз ауданындағы тас жолда бұзылып қалды

Өзбектер мінген автобус Ырғыз ауданындағы тас жолда бұзылып қалды. Жолаушылар арасында әйелдер мен балалар болған. Эвакуацияланғандар уақытша жылу пунктіне орналастырылды.

Бұл туралы Диапазон-ға сілтеп Stan.kz хабарлайды.

“21 қаңтар күні сағат 21.05-те «Самара-Шымкент» тас жолынан 1052 шақырым жерде орналасқан Ырғыз ауданы, Қалыбай ауылының маңында, Шымкенттен Уфаға бағыт алған «Ман» маркалы автобус тежегіш жүйесінің қатып қалуына байланысты бұзылып қалған”, – делінген облыстық ІІД-нің хабарламасында.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар министрлігі және полиция қызметкерлері келді. Бұзылған автобустан 56 жолаушы, оның ішінде Қазақстан Республикасының 6 азаматы, Ресей Федерациясының 2 азаматы, Өзбекстан Республикасының 48 азаматы эвакуацияланды.

Жіберіп алмаңыз:

Қостанайда жігітіне ренжіген қыз аязда қатып қалған жерінен табылды

Алматыда артындағы көліктің өртенгенін көрмей көше сыпырған тазалықшы жұртты күлдірді (видео)

Қарағанды облысында жеке меншік үйде иіс тиіп уланған бес адам көз жұмды

Ауғанстандағы терактіде қайтыс болған Қазақстан азаматының артында екі баласы қалды

Талқылау