Өзбекстанның Сіргелі ауылындағы қазақтардың тұрмыс-тіршілігі (фото)

Жұма, 29 Сәуір , 2016 15:44

Осыдан 50 жыл бұрын 1966 жылғы сәуірдің 26-сында Ташкент аймақ тарихындағы күшті жер сілкінісін бастан кешті. Тоғыз балдық зілзаладан қаланың орталық бөлігі түгелге жуық қирап қалды. Табиғи апат кезінде оншақты адам өліп, екі миллион шаршы метр тұрғынжай талқан болып, 300 мың тұрғын баспанадан айырылды.

щшгнек

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Өзбекстан астанасын қалпына келтіруге СССР-дің барлық республикалары қатысты. Сол кезеңде қайта салынған Ташкенттегі Сіргелі шағын ауданында негізінен этникалық қазақтар тұрып жатыр.

зщшгнка

Қыпшақ көшесін бойлай аққан су. Тұрғындардың сөзінше, Сіргелі де, басқа да ауылдар сулы жерлерде ірге көтерген.

гнек

Қазақ отбасы тұратын пәтердің терезесі.

.,ғне

1966 жылғы жер сілкінісінен соң Сіргелі ауданында салынған жаңа үйге көшірілген өзбек отбасылардың бірі сумаляк атты ұлтық асын пісіріп жатыр.

гне

1966 жылдан кейін Сіргеліде көптеген үйлер қайта салынып, жаңа көшелер пайда болды. Қыпшақ көшесінде тұрған мына үй сол кезде салынған.

длго

Сіргелінің Қыпшақ көшесінде тұрған аралас мектеп. Оқушылар өзбек және қазақ тілдерінде оқиды. Жергілікті тұрғындар бұл көшенің орнында бұрындары Қыпшақ ауылы болғанын айтады.

лоыыы

Сіргелі ауылындағы мектеп ауласында ойнап жүрген оқушы қыздар.

шгне

Әуелі Сіргелі деп тұтас шағын ауданды емес, темір жол станциясын атаған. Бұл аудан арқылы темір жол өтеді.

шлгонр

Сіргелі жұрты әулие санайтын Әшірмат Оразов атты шайқының қабірі. 1961 жылы қайтыс болған шайқыны ауыл халқы ишан деп білген. Бұл зират қазір Сіргелінің ортасында шағын арал құсап қалған.

щшгн

Әбибулла Оразов соңғы 10 жыл бойы Қыпшақ махалласы комитетінің төрағасы болған.

щшгнек

Спутник қалашығы тұрғындарының бірі Рафик (сол жақта) “бәріміз бір атаның баласымыз” деп әзілдеп қояды. Мұнда да этникалық қазақтар аз тұрмайды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Балым says:

    Сіргеліде менің достарым қазақтар көп болды Бəрі өте инабатты бауырмал ауызбіршілікті Мен оларды сағынып жиі еске аламын

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
30.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар