Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өзбекстандық әйелдер: Президенттің көзінше берген пәтерді ертесі күні босатуымызды сұрады

Өзбекстан тұрғындары ел президентінің алдында жақсы көріну үшін жергілікті шенеуніктердің қандай қулыққа барғанын айтты. 

ozbekstan

Видеодан скриншот

Андижан облсының орталығы Андижан қаласының 35 жастағы тұрғыны Хуршида Тилляеваның айтуынша, ел президентінің алдында оған жергілікті шенеуніктер пәтер беріп алдағанын айтады. Бұл туралы "Озодлик" радиосына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

"Маған бір күн бұрын хабарласып, баспаналы болғанымды, сол үйге көшіп баруым керек екенін айтты. Мен телеарна алдында жылап тұрып президентке алғысымды айттым. Баспаналы болғанымды бәрі көріпті. Құттықтап жатты. Ертесі президент кеткен соң үйдің басқа адамның атында екенін сылтауратып босатуымды сұрады. Мен сол кезде шоудың құрбаны болғанымды түсіндім", - дейді ол.

17 мамыр күні Шавкат Мирзияев Андижан қаласына іс-сапармен барып қайтты. Баспаналы болған аналарды құттықтады. Олардың жағдайын көрді. 

30 жастағы тағы бір әйел Муяссар Рахимова да алданғанын айтады. 

"Маған жаңа көйлек тіктіріп ки деді. Балаларға әдемі киім кигізу керек деді. Ескі-құсқы заттарды кейін көшіріп әкелесіңдер. Баспананың сәнін құртады деді. 300 мың сомға көйлек тіктірдім. Артық сұрақ қоймай тек, алғыс айтыңдар деді. Ал, бәрі біткен соң үйді босатуымызды сұрады", - деді Муяссар Рахимова.

Қазір алданғандар аналар үйінде тұрып жатыр. Ал, қала әкімдігі телефонмен берген жауабында әйелдердің мәселесі алдағы уақытта шешілетінін айтты. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр