Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстандағы Қазақстан елшісі астыртын әрекет жасады деп күдіктелуде

Өзбекстандағы Қазақстан елшісі әкімшілік мекеменің ғимаратын салуда асыртыртын әрекет жасады деп күдіктеліп, қызметінен уақытша шеттетілді.

Ерік Өтембаев

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Өзбекстандағы қазақстан елшісі Ерік Өтембаев қызметінен уақытша шеттетілді. Жарлыққа президент қол қойған. Анықталғандай, мұны елорданың аудандық соты талап еткен. Бұл елшіні дербес құқықтығынан айыру үшін жасалған болуы мүмкін. оның ісін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күре бойынша сұлттық бюро тергеуде.

«Аталған жағдай СІМ-нің және ведомствоға бағынышты мекемелердің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты жүргізіліп жатқан тергеулермен байланысты. Сондықтан осы істе біздің Өзбекстандағы елшіміздің де есімі аталады», – дейді ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Биылғы жылдың жазының соңында жемқорлыққа қарсы күрес қызметі СІМ-нің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашевті тұтқындап, одан 1,5 миллион доллар (500 млн теңгеден аса) тәркілеген еді. Елші ведомствоға бағынышты ұйымдардың басқарушыларынан жүйелі түрде пара алып келді деп айыпталған. Жоғарыда айтқан пікірінде Қайрат Әбдірахманов дәл осы істі атап отыр. Ал Ерік Өтембаевтың жағдайында, ол Өзбекстандағы елшіліктің әкімшілік ғимаратының құрылыс кезінде атқарылған жұмыстарға қатысты жалған актілерге қол қойып, мемлекетке 140 миллион теңге көлемінде шығын келтірген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Өзбекстандағы Қазақстан елшісі аса ірі көлемде ақша жымқырды деп күдіктеліп отырғанын хабарлаған едік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау