Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шаралар тоқтатылды

Өзбекстанда тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 31 тамыз күніне жоспарланған ресми іс-шаралар тоқтатылды.

ыыы

Фото: sezamtravel.com

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Басылым өткен жылдары дәл осы күні Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың халық алдына шығатынын айтады. Бірақ, осыған дейін өзбек елі басшысының шұғыл түрде ауруханаға түскені хабарланған еді.

Алайда мерекелік шаралардың Өзбекстан президентінің ауырып қалғанына байланысты тоқтатылғаны белгісіз. Мемлекет басшысының миына қан кетіп ауруханаға түскені, оның қызы Лола Каримова-Тиллияеваның Фейсбуктағы парақшасында 29 тамыз күнгі жазбасынан соң анық болған. Дәл осы күні кешкілік Орталық Азиядағы орыс тілді “Ферғана” басылымы Каримовтың Ташкент уақытымен 15.00-де қайтыс болғанын хабарлап, елді дүрліктірді.

Кейінірек Өзбекстан президент аппаратындағы сенімді дерек көздері негізінде ресейлік агенттіктер өзбек көшбасшының өлімі туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын жариялады.

Талқылау