Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда шетелдікке тұрмысқа шыққан қыздар арнайы тізімге енеді

Тізімнің негізгі мақсаты шетелде тұратын өзбек қыздарына қарсы зорлық-зомбылық жағдайларын болдырмау және олардың шетелде тұру жағдайы туралы ақпарат жинау.

22 сәуірде Өзбекстанның Әйелдер комитеті баспасөз мәслихаты өтті, онда шетелдіктерге күйеуге шыққан қыздар мен әйелдерді қорғау мәселелері талқыланды.

Конференция барысында Өзбекстанда шетелдіктерге үйленетін қыздар тізімін жасайтыны айтылды. Тізім сыртқы істер министрлігімен бірлесіп құрылады.

Тізімнің басты мақсаты шетелдіктерге үйленетін өзбектердің тұрмыс жағдайы туралы ақпарат жинау.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы жылдары Өзбекстанның қыздары Қытайда шетелдік күйеулерінен зорлық-зомбылыққа ұшырағаны айтылған. Өзбекстанның консулдығы осы қыздарға паспорттарын қалпына келтіруге және өз Отанына оралуына көмектесті.

Талқылау