Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда рақымшылық аясында 40 мың адам бостандыққа шықты

Өзбекстанда рақымшылық аясында 39 748 адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

a23bc748-3443-4cf9-b274-d67f5047e69d

Бұл туралы Nuz.uz хабарлайды.

Бостандыққа шыққандардың арасында 5 мыңнан астам әйел, 18-ге толмаған 893 адам және 60 жастан асып кеткен 1045 ер адам бар.

Амнистия туралы заңды Өзбекстан парламентінің жоғарғы палатасы ел конституциясының 24 жылдығына орай 2016 жылдың күзінде қабылданған.

Амнистияға сәйкес ұзақ жылға және өмір бойына сотталғандар; тыйым салынған ұйымдар қатарында қызмет еткендер, солардың құрамында қоғамдық қауіпсіздікке және әлемге қарсы қылмыстық іс жасағандар; аса қауіпті қылмыскерлер бостандыққа шыға алмайды.

Еске сала кетсек, 2016 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та “тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай” рақымшылық жариялаған еді.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық жігіт АҚШ президентін ұлықтау рәсіміне қатысты

Францияда мұсылман оқушыларды шошқа етін жеуге мәжбүрлеуде

40 сағат қар астында: Қонақ үйдегі көшкін астында қалған 6 адам табылды

Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде пакет қаптап жүр

Талқылау