Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда Кәрімовтер әулеті биліктен аласталып жатыр

Өзбекстанда Кәрімовтер әулеті биліктен аласталып жатыр. Бұл туралы ақпарат құралдары жарыса жазуда. Қазір елде тақ таласы өрши түскен деп хабарлады КТК телеарнасы.

24197569

Фото: szaopressa.com

Ал президенттікке жөні түзу үміткер ретінде премьер-министр Шавкат Мирзяевтың аты аталуда. Кейбір басылымдардың хабарлауынша, қазір Өзбекстан президентін жасанды аппаратқа жалғап қойыпты. Ислам Кәрімов қайтыс болған жағдайда оның отбасы биліктің маңайына да жолай алмай қалайын деп тұр.

Президенттің үлкен қызы – Гүлнар қазір Лондонда үйқамақта. Ал кішісі – Лолаға күш құрылымдары билікті бере салмасы анық. Сарапшылардың айтуынша, Шавкат Мирзяевты өзбек халқы да, шет мемлекеттер де қолдайды екен. Тағы бір айта кетерлік жайт, биліктегілер Ислам Кәрімовтің қайтыс болғаны туралы жалған мәліметті ақпарат құралдарына оның қызы берген деп санайды.

Бұған дейін Лола Кәрімова әкесін қолдаған отандастарына алғысын айтқан еді.

Естеріңізге сала кетейік, 78 жастағы Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің миына қан құйылып, ауруханаға түскен болатын. Күні кеше БАҚ-тарда оның мезгілсіз қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Президенттің туыстары мұны теріске шығарғанымен, Өзбекстандағы «Ферғана» басылымының редакторы жазылған ақпаратты растайтын сенімді дереккөздері бар екендігін айтқан. Сондай-ақ, ауруханада жатқан Кәрімовты халыққа көрсетуді талап еткен еді. 

Жіберіп алмаңыз: 

Өзбекстанда тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шаралар тоқтатылды

Өзбекстандық шенділер Кәрімовтің резиденциясында жезөкшелермен төсектес болған

Назарбаев: Мен Сізбен достығымды, қазақ пен өзбек халқының достығын мақтан тұтамын

Талқылау