Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстанда айлық орнына балапандар беріліп жатыр

Қарақалпақстанның Нүкіс ауданында қолма-қол ақшаның жоқтығы салдарынан мұғалімдерге айлықтың орнына балапандар беріп жатыр.

балапандар

Бұл туралы Қазақстан арнасы жазған.
Оның үстіне құны базардағы бағадан екі есе жоғары. Өткен жылы қарақалпақтық мұғалімдерге еңбек ақыларын картоп, сәбіз, асқабақпен төлеген.

Centralasian.org сайты осындай қызықты ақпарат жариялады. Соңғы екі жылдан бері Өзбекстанда қолма-қол ақшаның тапшылығы байқалады. Адамдар бірнеше ай бойы еңбекақылары мен зейнет ақыларын ала алмай келеді.
Алдын елдің ақпарат құралдары Өзбекстанда айлықтың орнына қымбат бағамен шамдар және ауыл шаруашылығы тауарларын бергенін жазған.

Атап айтқанда, үстіміздегі жылдың ақпан айында «Өзбекэнерго» басқармасының басшысы Искандер Басидов 66 мың 579 қызметкеріне ай сайын қымбат бағамен компанияның өндіретін LED шамдарын сатып алуды міндеттеген.

Талқылау