Өзбекстанда адам сатқаны үшін 10 жыл бойы іздеуде жүрген әйел Қазақстан азаматтығын алған

Түркістан облысында полицейлермен ұсталған әйел Өзбекстанда адам саудасымен айналысқан. Ол біраз уақыт іздеуде жүрген екен, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Өзбекстанда адам сатқаны үшін 10 жыл бойы іздеуде жүрген әйел Қазақстан азаматтығын алып алған

Түркістан облысында ұсталған әйел Өзбекстанда адам сатқан. Іздеуге жүрген 40 жастағы әйел 10 жылдан бері қашып жүріпті. Тіпті, ол Қазақстан азаматтығын алып, тұрмыс құрған. Бүгінде ұлы мен қызы бар екен.

Сондай-ақ, тараздыө полиция қызметкерлері сауналарды аралап, жеңіл жүрісті қыздарды ұстады. Жергілікті сауналардың бірінде тәнін саудалап жүрген 23 қыздың ішінде Ресей, Өзбекстан мен қырғызстандық бикештер де бар боп шықты.

Ал түркістандық тәртіп сақшылары сауналар мен моншалардың бәрін тексеріп, 20-дан аса жеңіл жүрісті қызды тіркеді. Сонымен қатар моншаларда жезөкшелерді клиентке ұсынып, ақша тауып жүрген жеңгетайлар да істі болды. Олардың бірі жеңгетай болып жүргенін жасыру үшін саунаның әкімшісі ретінде жұмыс істеп жүріпті. Оның бұл әрекетіне қатысты да сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар