Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстан президенті беталды қол соғуға тыйым салды

Өзбек басшысы Шавкат Мирзиёев тағы да жұрт назарында. Бұл жолы көрші ел президенті шенеуніктерге өзіне қошемет көрсетіп, қолпаштап отыруға тыйым салды.

Шавкат Мирзеев
Әрі бұл оның мақтау мен мадақты суқаны сүймейтіндігін білдірген алғашқы әрекеті емес. Даудың басы осыдан бірнеше ай бұрын өзбек әншісі Дильфуза Исмоилованың президентке арнаған бейнеклипінен басталған еді, деп хабарлайды Евразия.

Ол онда Шавкат Мирзиёевті әлемнің сұлтанына теңейді. Алайда әншінің бұл әрекеті өзіне ұнағанымен, президентке жақпай қалған көрінеді. Өйткені бұл бейнеклиптен кейін мемлекет басшысына  мақтау мен мадақ айтқан бұлбұлдардың бұдан былай лицензиялары тартып алынатындығы айтылды.

«Шавкат Мирзиёевтің бұл мәлімдемесі жалпы осы Өзбекстанның жаңа президентінің билікке келгеннен бастап жүргізіп келе жатқан жаңа бір саяси экономикалық курсынан хабар береді. Себебі билікке келген күннен бастап,  Шавкат Мирзиеев келесідей лозунгті ұсынған болатын. Мемлекеттік органдар халық мемлекеттік органдарға жұмыс жасамау керек, мемлекеттік органдар халыққа жұмыс жасау керек деген. Сонымен қатар осы бағытта көптеген мәлімдемелер жасалды», - дейді ҚР тұңғыш президенті қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы Жұмабек Сарабеков. 

Есесіне, мақтаудың көкесін қазір мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі естіп жатыр. Жігіттер парақорлықпен күресудің тиімді тетігін тапқан көрінеді. Түрлі смайликтер армиясы арқылы.

"Осындай жаңа жобаны ойлап табудағы басты мақсатымыз тұрмыстық жемқорлықты түбегейлі жою. Қазір осындай логотиптер арқылы жұмысын жүзеге асыратын жобалық кеңсе бүкіл республика бойынша іске қосылды. Жұмысын істеп жатыр. Жобаның аумақты қызметін қамтамасыз ету үшін біздің агенттік жеке бренд ретінде қалыптастыруға шешім қабылдады", - деді ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Нұрлан Жақсымбетов.   

Десе де, хабарландыруларды эмоджилармен жазу арқылы жемқорлықты азайтамыз деген олардың бұл пайымына өздерінен басқа ешкім сенбейтін сияқты.

«Білмеймін енді. Смайликті түсінетін адам бар, түсінбейтін адам бар. Біздерге қалай ол?»

«Барлық адамдар түсінбейді. Мысалы, қарт адамдар түсінбеуі мүмкін де».

«Бұл смайликтерді қою арқылы жемқорлықты жеңу мүмкін емес деп есептеймін бірінші кезекте. Себебі коррупцияны жеңудің жолы мүлдем басқа. Бұл әдіс психологтармен келісіліп жасалған дүние шығар, жаңашылдықтың, қазіргі заманның талабы деп қабылдаған шығар деп ойлаймын», - дейді әлеуметтанушы Саят Баймұратов.
 

Талқылау