Өзбекстан азаматтары Қазақстан арқылы Ресейге өтпек болған

Бейсенбі, 21 Қыркүйек , 2017 14:58

Өзбекстанның 9 азаматы Қазақстан арқылы Ресейге өтпек болған. Оларды шекарадан өткізуге көмектескен топ құрамында төрт қазақстандық пен бір Өзбекстан азаматы болған, деп хабарлайды “Костанайские новости” басылымы.

1054280

Басылымның хабарлауынша, Өзбекстан азаматы Хазраткулов қаңтар айында отандастарын Ақтөбе облысы арқылы Ресейге өткізу үшін тұрақты канал ұйымдастыруға тырысқан. Бірақ ҰҚК мен РФ ФҚҚ сондай бір каналдың қызметін тоқтату үшін операция жүргізіп, Хазраткулов қорқып қалады. Сол себепті Қостанай облысындағы таныстары Кәкімжанов пен Жаманбалиновтен көмек сұраған.

Сыбайластар тағы екі адамды жұмылдырып, қылмыс жоспарын құрған. Біреуі өзбек азаматтарын тасымалдаға жауап берсе, екіншісі уақытша тұратын жер тауып берген, тағы бірі оларды шекарадан өткізген.

Басылымның айтуынша, Өзбекстан азаматтарын жүк көлігіне жасырған іске қатысы барлар “Обаған-авто” шекаралық бекетіне қарай бет алып, сол жерде ұсталыпты.

Олар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылып немесе бостандығы шектелді.

Өзбекстан азаматтары Отандарына депортацияланды.

Жіберіп алмаңыз:

Ақсақал президент Назарбаевқа қалай сәйгүлік сыйлағанын айтып берді

Сыныптастарын ұрып, ұстазына қол көтерген оқушы диспансерге жатқызылды

Айгүл Болатханқызы: Біздегі бағдарламалар қазақты қайыршылыққа үйретіп жатқан сияқты

Ақтөбелік мүгедек бала әлеуметтік желі арқылы бизнесін дөңгелетіп отыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
15.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар