«Өзбекнаво» әнші Тамилаға психологқа көрінуге кеңес берді

Сәрсенбі, 13 Шілде , 2016 11:21

«Өзбекнаво» эстрадалық бірлестіктің басшылары жас әнші Тамиланы бірнеше рет жариялаған «ұятсыз» ашық киінген суреттері мен бейнебаяндары үшін лицензиясынан айырды. Бірқатар БАҚ «Өзбекнавоның» бас директоры Фарход Джураев әншіге сахнаға шығудың орнына дәрігерге қарлуға кеңес берді деп жазады.

тамила

Бұл туралы centralasian.org хабарлайды.

Podrobno.uz интернет-басылымына берген сұхбатында эстрадалық бірлестіктің бас директоры Фарход Джураев «Тамила ешқашан лицензия алмайды. Оның себебін өздеріңіз білесіздер. Онда бала кезінде нарциссизммен байланысты ауытқушылық болған секілді, онда шынымен бәрі дұрыс емес. Оған сахнаға шығудың қажеті жоқ, емханаға психологқа бару керек», – деген.

Бас директордың сөзінше, ол жақында ғана әншімен лицензиясын қайтарып беру жөнінде сөйлескен. Бірақ бұл дұрыс емес екеніне, оған алдымен дәрігерге қаралу керектігіне көзім жетті дейді.

Естеріңізге сала кетейік, «Өзбекнаво» эстрадалық бірлестігі 2016 жылдың 28 қаңтарында Telegram әлеуметтік желісінде жас әншіге тиесілі деген «ұятсыз» бейне жазба тарап кеткен соң, 1 ақпанда Тамилаға ән айтуға рұқсат беретін лицензияны қайтарып алған.

Бірінші бейнежазбада жүзі кадрда көрінбеген белгісіз ер адам Тамиладан әнші болмай тұрып, кім болғанын сұрайды. Оған жауап ретінде жас келіншек бұтындағы шалбарын шешіп, камераға артын көрсетеді.

Екінші бейнежазбада Тамилаға ұқсайтын жас келіншек көшеде қыдырып жүріп, камераға қарап жалаңаш тәнін көрсетеді.
5 ақпанда Facebook желісінде жас әншіге қолдау көрсететін Ju suis Tamila деген топ құрылды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар