Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбек түрмесінде қамауда жатқан отандасымыздың атын жамылып алаяқтар ақша жинап жүр

Виталий Ненченкоға қаражат қажет деген желеумен белгісіз біреулер жұрттан жылу жинамақ болған. Тіпті, киви әмиян номерін де жарнамалап, ғаламторға шығарып үлгеріпті. Ал, Виталийдің туыстары болса, бұған біздің қатысымыз жоқ деп отыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

рторт

“Біз киви әмиян жасаған жоқпыз. Сондықтан жұртқа алақан жаятын жағдайда емеспіз. Алайда, біреулер біздің атымыздан ақша жинамақ болған. Бұл масқара ғой”, – дейді Виталий Ненченконың қарындасы Юлия Медведева.

Виталийдің жақындар жарнамадағы нөмірге хабарласып та көрген. Алайда, онымен байланысқа шығу мүмкін емес. Сондықтан жұртты алаяқтардың құрығына түсіп қалмауға шақырады. Өздері де полицияға шағым жазып жатыр. Ал, көріші елдің абақтысында жатқан отандасымыздың жағдайы сол күні белгісіз. Естеріңізге сала кетейік, демалысында отбасымен бірге Өзбекстандағы туыстарын араламақ болған Виталий Ненченко қамауға алынған болатын. Бұған WhatsApp месенджері арқылы келген екі бейнеролик себеп. Енді оған Өзбекстан заңы бойынша, экстремизмді насихаттады деген желеумен 10 жылға дейін сотталу қаупі төніп тұр.


Жіберіп алмаңыз:

Экспо кезінде еріктілер фаст-фудпен тамақтанбақ

Алматы облысында жалған ақша жасағандар ұсталды

Шымкентте Шанхай-Тауэр және Шымкент-Тауэр деп аталатын екі көкпен таласқан зәулім үй салынбақ

Астанада шетелдіктен 40 мың теңге алған таксист ақшаны қайтарып берді

Талқылау