Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз жасымды жақсы көрем, бұрын кездескен азаматтармен доспын: Гога Ашкенази қалай өмір сүруде

Гога Ашкенази бірнеше жыл бұрын Британиядан Италияға көшіп барды. Көптеп бері Миланда тұрып жатыр. Ол эклогияны қорғау мен оны дұрыс тұтыну жолдарымен айналысты. Қазіргі уақытта өз бизнесін қайта қолға алды, деп жазады Stan.kz Tatler-ге сілтей отыра.

Ойын-сауық кешінің жұлдызының үйінде басылым тілшісі Алексей Тарханов қонақта болды.

“Бұл планета енді мен білетіндей күйде болмайды”, – дейді Гога. – Енді тоқтатпасақ, бәрі қайғылы аяқталады.

Ол Миланда ескі палаццоны жалға алып тұрып жатыр.

Лондон мен Парижге, Мәскеу мен Астанаға Гога өз ұшағымен барады. Ал, көрші тұрған Vionnet кеңсесін жаяу немесе велосипедпен барады.

Оның зәулім үйі 4 қабаттан тұрады. Ішінде бақшасы мен бассейні бар. Журналистің айтуынша, Ашкеназидің үйі әр түрлі мәнде толтырылған. Жиһаздар сәйкес келмейтіндей көрінеді, бірақ интерьер үйлесімі. Үй иесінің мінезінен хабар береді. Гога заттарды өзі таңдайды. Суретшілермен кеңесіп жасайды. Оның көзтартар көркем галереясы бар.

Журналист Ашкеназимен отбасы жайлы әңгімелесті. Гоганың балалары Лондонда қалып, анасымен бірге тұрып жатыр.

“Барлық бұрынғы кездескен адамдарыммен достық қатынастамын”, – дейді Гога.

Гога ата-анасының неге үйреткенн айтты.

“Мен Англияға барғанда әкем: “Гога, мен сені төбелесіп үйретем. Есіңде болсын, төбелесте соңына дейін баратындар ғана жеңеді. Бірақ ол ең әуелі барынша төбелес болмайтындай жағдай жасайды” деді. Содан бері мен алдымен төбелес болмауды ойлаймын. Ал, одан соң соңына дейін күресем”, – дейді Гога.

Ол өзін қай жаса болмасын жақсы көретінін айтады.

“Қазақстанда тудым, Мәскеуде өстім, Англияда оқыдым. Америкалыққа тұрмысқа шықтым. Қазақтан бала тудым. Енді міне – Италияға көштім. Қанша нәрсе көрдім. Әлі де көретінімі қаншама. Өз жасым өзіме ұнайды. Денем қартаймағанымен, көзім ашылғандай. Азиаттық тұқымыма рахмет”, – дейді ол.

Гога Ашкенази ұлдарының неліктен өзімен бірге тұрмайтынын айтты.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау