Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз ұлын зорлады деп айыпталған алматылық 15 жылға сотталды

Алматыда алқа билер соты өз ұлына жыныстық қысым көрсетті деп айыпталған ер адамды кінәлі деп тапты. Бұл туралы қалалық қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған аудан аралық соты хабарлады.

ереререр

“Ер адам әйелі үйден шығып кетіп, баламен жалғыз қалған кезде оған жыныстық мәнде қысым көрсетіп, зорлық жасаған. Сот отырысы кезінде айыпталушы өз кінәсін мойындаған жоқ”, – делінген хабарламада.

Сот үкімімен 58 жастағы ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды және кәмілетке толмаған балаларға өмір бойына педагогикалық білім беру құқығынан шеттетілді. Енді ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Үкім әзірге заңды күшіне енбеді.

Еске сала кетек, осы жылдың наурыз айында Алматы қалалық алқа билер соты бұл ер адамды ақтап шыққан болатын. 58 жастағы ер адамды ақтау туралы үкімді 24 наурыз күні 11 адамнан тұратын құрам бекіткен еді.

Полицияға өткен жылдың қазан айында 4 жасар баланың анасы арыз түсірген. Ол ұлына жыныстық қысым жасады деп өз күйеуін кінәлайтынын айтқан. Бұл іс бойынша алғашқы сот отырысы 6 қаңтарда өтті. Әйел сот шешіміне түбегейлі қарсы шығып, қайта шағым түсірді.

Бір ай өткен соң шағымды қайта қарау комиссиясы ер адамды ақтайтын үкімнің күшін жойды. Істі жабық түрде қараған сот құрамы, шешімді өзгертіп, істі сотқа қайта ұсынды.

Бұған дейін Олег Цой, өзін кінәсіз деп айтып, керісінше әйелі жала жауып отыр деп хабарлаған еді.

Талқылау