Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз туыстарының қолынан өлген: Көкшетауда танымал асабаны өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты

Көкшетауда өз туған күнінде қапияда ажал құшқан Абылайхан Шыңғысовтың өліміне қатысты сот үкімі шықты. Оны өз туыстары өлтіріп кеткен еді. Ағайынды күдіктілердің бірі кінәнің негізгі бөлігін өз мойнына алды. Алайда марқұмның анасы сот шешіміне риза болмай отыр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Өз туыстарының қолынан өлген: Көкшетауда танымал асабаны өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты

Бұған дейін марқұмның анасы тергеудің барысына разы болмаған еді. Ендігі сотталушыларға кесілген жазаға наразылық танытуда. Өзінің бөлесін өлтірген ағайындылардың бірі кінәсін мойындап, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал екіншісі бір жылға сотталды.

Іс материалы бойыгша, сол жерде болған тағы 3 ауылдасының Шыңғысовтың өліміне тікелей қатысы болмаған. Сондықтан олар 1 жылға шартты жаза алды.

«Өз көзіммен көрсем де дәлелдей алмай отырмын. Көз алдымда ұлымды өлтірді. Ендігі кінәларын мойындамай отыр. Олар үйге кіріп келгенде төртеу болды. Тағы біреуі сыртта күтіп тұрды», – дейді марқұмның анасы Зәуреш Шыңғысова.

Еске сала кетсек, қайғылы жағдай 2017 жылдың желтоқсан айында Красивое ауылында болған. Өңірде асабалық өнерімен танылған Абылай Шыңғысовты дәл 30-ға толған  туған күнінде өз үйінде өлтіріп кеткен. Таңға жуық шырт ұйқыда жатқан отбасының шырқын бұзған оның туған бөлесі екен. Сол түнде  жиеніңмін деген соң, нағашы апасы Зәуреш еш жамандық ойламай есікті ашыпты. Оның айтуынша, қолдарында темір сүймен, ағаш ұстаған 4 жігіт кіріп келіп, ұйқыда жатқан ұлын ұрып-соғып, мерт қылған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау