Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз күтіміне салғырт қарайтын әйелдерді аңғарудың 10 белгісі

Әйелдердің барлығы дерлік үнемі әдемі болып жүруге тырысады. Дегенмен, олардың көпшілігі ұсақ-түйек деп қарайтын заттар, барлық әрекетін бірден жоққа шығаратын кездер болады. Тіпті танымал жұлдыздардың өзі қымбат көйлектер киіп, бағалы тастарды тағынғанымен осындай қателіктердің кесірінен жұрттың талқысына түсіп жатады. Ал сіз мұндай қателікке бой алдырмаңыз. Керісінше қарапайым киімде әдемі көрінуге болатынын ұмытпаңыз.

DSC0206

1. Шашыңыздың түбінен табиғи түсіңіз көрініп жүрмесін

Басыңыз кір болып, шашыңыз жабысқақтанып жатса бұл мәселені құрғақ сусабынның арқасында шешуге болады. Ал ұшы басқа түсте, астынан табиғи реңі көрініп тұрған шашты жасыру мүмкін емес. Ал бұл шаш күтіміне немқұрайлы қарайтын әйелдің әдеті деп есептелінеді. Егер шашыңызды табиғи түсіңізге мүлде ұқсамайтын бояуға боясаңыз, жаңадан өскен шашыңызды аптасына қадағалап тұрыңыз.

2. Шашыңыз ұштанып кетпесін

Сіз барыңызды салып шашыңызды өсіруге күш салғаныңызбен, ұшы ұштанып тұрса жағымсыз көрінеді. Сырттан қараған адамға шашыңыз кеуіп, күтімге зәру сияқты болады. Әйел үнемі әдемі көріну үшін бұл кезде шашыңыздың ұшын аздап кескеніңіз дұрыс болады.

3. Бояуы жартылай қалған тырнақ

Өз күтімін бірінші орынға қоятын әйелдің белгісі: алабажақ боялған тырнақтан, саусағыңыз лаксыз әдемі көрінеді. Әсіресе көзге бірден түсетін лак жаққан кезде, оның жартысы түсіп қалғаны бірден байқалады. Жаңадан маникюр жасауға мүлде уақытыңыз болмай жатса, бояуды өшіре салғаныңыз дұрыс.

4.Тырнақ айналасындағы артық еттер

Көпшілік мұны ұсақ-түйек деп қарайтын болар. Бірақ, көпшілік сіздің өз-өзіңізге қаншалықты күтім жасайтыныңызды осыдан да біледі. Тура осы жағдай сіздің қымбат көйлегіңіз бен бағалы тастардан жасалған тағыншақтарға жұмсаған бар уақытыңыз бен, қаржыңызды, әрекетіңізді жоққа шығарады. Сол үшін қол күтіміне уақыт бөлуге тырысқаныңыз абзал.

5.Бет күтімі

Әрине, безеу мен бөртпе шыққан бетке иесі күтім жасамайды деп айта алмаймыз. Ол кейде қандай да бір аурудың, ішкі ағзадағы ақаудың белгісі болуы мүмкін. Бірақ, оған қатысты науқас екенмін деп қарап отыра беруге болмайды. Ізденіп әрекеттену керек. Себебі, күтім жасалған таза бет әрдайым әйелдің әдемілігін арттыра түсетіні сөзсіз. Бет теріңіз өте әсершіл болса косметологтың көмегіне жүгініп, тұтынатын тағамдарды қадағалауға алыңыз.

6. Сарғайған тіс

Бұл туралы біреудің бетіңізге айтпасы анық. Дегенмен, сарғайған тіс ешқашан әдемі көрінбейді. Есіңізде болсын, кофе, шай, темекі тістің жауы. Егерде зиянды заттардан бас тарта алмайтын болсаңыз, үнемі ағартып тұруыңызға тура келеді.

7. Беттегі бояу

Әрине, барлық әйел жұмыс пен өз күтімін қатар алып жүруге тырысады. Ертеңгісін жаққан бояуыңыз түте-ақ ескіріп, сізді қайта шаршаңқы етіп көрсетуі мүмкін. Сондықтан бояуыңыз жағылып, ағып, ескіріп баражатса бар жұмысты қойып, реттеп алыңыз. Ең қажетті бояуларды өзіңізбен алып жүріңіз.

8. Құрғақ тері

Бет терісін үнемі ылғалдандырып тұрған дұрыс. Ылғалдандыру беттің жас көрінуін сақтайды әрі күтім жасалғанын көрсетіп тұрады. Мұнымен қатар сол сәтте әдемілене шығасыз. Ең құрығанда кешкі уақыттарда үй жағдайында маскалар жасап тұрыңыз.

9. Терілмеген қас

Қазір табиғи қас сәнде. Бұл дегеніңіз қасты қалағанынша қояберу деген сөз емес. Табиғи форманың өзіне аздап түзетулер жасап тұрған дұрыс. Бетіңізді бояған кезде қасыңызға гель жағыңыз. Ол қас түктерін өзіңіз қатырғандай етіп ұстап тұрады. Әрі жылтырап көрінеді.

10. Еріннің жарылуы

Әр әйелдің сөмкесінде ерінге арналған бальзам болуы керек. Көптеген қыздардың ерні кеуіп жүреді. Ерін терісі үлбіреп, әрі балғын көрінуін қадағалауыңызда ұстаңыз. Еріннің өзіне үй жағдайында жасалатын түрлі маскалар мен жақпа майлар, скрабтар бар.

Талқылау