Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз ісінің ең мықты мамандары шетелге жұмысқа ағылуда

Қазақстан жайлы болса, шетел асып несі бар?! Сарапшылар өзге мемлекеттен нәпақа іздейтін білікті мамандардың қатары күрт артқанын айтып, дабыл қақты, деп жазды КТК арнасы.

 

Биыл дәрігерлер, экономистер, педагогтар мен техникалық мамандық иелері сырттан кәсіп іздеуге бел буған екен. Олардың бұлайша үдере жылжуы 10 жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда рекордтық нәтижеге жетіпті.

Сарапшылар білікті мамандардың жыраққа кетуін елден көшкен халықтың көбеюі барысында тіркелгенін айтады. Мәселен, осы жылы елімізге жұмыс немесе білім іздеп 12 мың адам келсе, керісінше сыртқа ағылғандар екі жарым есеге көбейіп, 28 мыңнан асып кеткен.

Биыл шамамен 5 мың техникалық, 2 жарым мың экономикалық және 1 мың 700 педагог басқа мемлекеттен пана тапқан. Барлығы дерлік ТМД елдеріне көшіпті. Күздің басында еліміздегі білімді жастардың сыртқа кетуі парламентте көтеріліп, грант бөлу жүйесі қатты сынға ұшыраған болатын.

Оқи отырыңыз:

Жұлдыз Әбдікәрімова Қайратқа ең алғаш ғашық болған кездері туралы айтты

Ақбота Сейітмағамбет актер Дидар Кәденмен ара-қатынасы жайында бар шындықты айтты

Британия әншісі қазақ қызының өнеріне тәнті болды (видео)

30 жасқа толған Сиви Махмуди дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Талқылау