Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз еркінсіз тұрмысқа шыққан қыз күйеуі мен оның 12 туысын улап өлтірді

Пәкістанның Музаффаргарх қаласында әйелі күйеуі мен оның 12 туысын улап өлтірді.

Пәкістанда Азийя Биби есімді әйел күйеуі мен тағы 12 адамды улап өлтірді деп күдіктелуде. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, келіншек сүтке у қосқан. Бұл қоспа осы өңірде көптеп тұтынатын йогурттың орнына жүреді. Әйел қоспаны күйеуінің жақындарына арнап дайындаған.

Соның салдарынан 13 адам уланып өлді. 14 адам ауруханада жатыр.

«Біз осы іске қатысты Азийя Биби мен оның әпкесін, тағы бір жас жігітті ұстадық», – дейді жергілікті полицей Оваис Ахмад.

Полицейдің айтуынша, әйелдің әпкесі осы істі ұйымдастырып, әйелді үгіттеген. Ұсталған жігіт күдіктінің көңілдесі. Оның да осы іске қатысы бар.

Күйеуін өлтіруге бекінген әйел оған өз еркінсіз күштеп тұрмысқа шыққан. Кек алу үшін әдейі осы қылмысқа барған болуы мүмкін.

Пәкістанда қыздарды күштеп тұрмысқа беру көптеп кездеседі. Қыздарды жасөспірім шағында өз еркінсіз күйеуге беру қалыпты жағдайға айналған.

Тағы да оқыңыз:

Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға араласқаны туралы дау өрши түсті

Лас-Вегастағы атыстан аман қалған ерлі-зайыпты екі аптадан соң жол апатынан көз жұмды

Пәтер ішінен 7 адамның бөлшектелген денесі мен басы табылды

Талқылау