Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз елімізде шеттетілген Өзбекстандағы қазақ балуаны Олимпиадаға жолдама алды

Моңғолия елінің астанасы Улан-Баторда күрес түрлерінен Олимпиада жолдамасын тарататын халықаралық турнир басталды. Жарыстың бірінші күні боз кілемге грек-рим күресінің шеберлері шықты, деп хабарлады massaget.kz.

балуаннн

Қазақстан құрамасы сапында Улан-Баторға 6 балуан аттанған болатын. Олардың үшеуі жарыс жолына шыққан еді. Алайда отандастарымыз жүлделі орыннан көріне алмады.

66 келіде Мейрамбек Айнақұлов бірінші айналымда үндістандық Равиндер Синхтан жеңілсе, 98 келіде Ерұлан Ысқақов та әзербайжандық Орхан Нуриевке есе жіберді. 85 келіде Асхат Дінмұхамедов эстон Эрик Эпсты 4:2 есебімен жеңгенімен, екінші айналымда жапон Таиши Окадан 0:2 есебімен жеңілді.

Өзбекстан құрамасы құрамында белдесетін қазақ Ермұрат Тасмұратов 59 келіге дейінгі салмақта Олимпиада жолдамасын иеленді. Ол Лондон Олимпиадасына да қатысқан болатын.

Айта кетейік, Ермұрат күрес әліппесін Шымкент қаласындағы Саттарханов атындағы мектеп-интернатта үйренген.

Талқылау