Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз баласын өлтірген ақтаулық ана: Көршілері қанішер ана туралы мән-жайды айтып берді

Ақтаулық ана 9 жастағы ұлының аяқ-қолын батареяға байлап, ұрып-соғып, тұншықтырып өлтірді. Бұл жантүршігерлік оқиға күллі қала жұртын дүрліктірді. Күдікті не себептен өз ішінен шыққан баласына бұлай қатігездік көрсетті? Бұған қатысты полицейлер не дейді?

Өз баласын өлтірген ақтаулық ана: Көршілері қанішер ана туралы мән-жайды айтып берді

Суретте: Туған баласын өлтірген әйелдің көршілері

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жантүршігерлік оқиға қаладағы №5 ықшам ауданда болған. Күні кеше ғана далада асыр салып ойнап жүрген тоғыз жастағы баланы асқан қатыгездікпен өлтірілгеніне көршілері әлі сене алар емес. “Ал баланың басқа емес, туған анасының қолынан қаза тапқынына тіпті абдырап қалдық” дейді олар.

«Ұлым маған жүгіріп келді. Көршілердің айтуынша, ол баласын итеріп жіберген. Салдарынан оқушы басынан жарақат алып көз жұмған» – дейді көршісі Нуне Аванесянц.

Көршілердің айтуынша, анасы мен баласы мұнда осыдан үш ай бұрын көшіп келген. Келіншек күйеуімен ажырасып кеткен екен. Тек арагідік әкесі ұлымен кездесіп тұрыпты. Бірақ, соңғы екі айда әйелдің жүріс-тұрысында өзгерістер байқалыпты. Тіпті, мектепке барып өздігінен шу шығаратын болған.

«Мүмкін оның кішкене есі ауысқан шығар, білмедім. Білуімше, ол шаштаразда жұмыс істейтін. Баласы сүп-сүйкімді еді. Күнде далада бірге жүретін. Таңертең мектепке шығарып салып, кешкісін күтіп алатын. Өз басым таңқалып отырмын. Анасы баласын қатты жақсы көретін. Көршіміз барып көріпті. Айтуынша, ол баланың қол-аяғын байлап, ұрып соққан. Бірақ, мен оған сенбеймін» – дейді көршісі Зура Нагаева.

Қанды оқиға жексенбі күні болған. Баланың анасын сол күні тәртіп сақшылары ұстап алып кетті. Ал күдікті әйел өз қылмысын толығымен мойындаған. Тіпті, өзінің асқан қатыгездікпен бауыр еті баласын өлтіргенін де растапты. Ал, бұл іске қатысты аймақ ішкі істер департаменті былай деп қысқа қайырды.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-тармағына сай қылмыстық іс қозғалды. Күдікті дәл қазір қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды» – дейді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Айгерім Ибатуллаева.

Дерекөздерге сүйенсек, марқұм болған оқушы қаладағы № 7 мектептің 3-сыныбында оқыған. Әзірге мектеп әкімшілігі бұл сұмдық жағдайға қатысты тіс жармай отыр. Ал Ішкі істер департаменті қылмыстық іске байланысты тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Ақтауда анасының 9 жасар баласын аса қатыгездікпен өлтіргені жайлы хабарлаған едік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау