Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаңыздың суретін интернетке жарияламаудың 7 себебі (фото)

Қазіргі таңда әлеуметтік желінің өміріміздің бір бөлшегіне айналғаны соншалық, адамдар өз балаларының әдемі, сүйкімді болып түскен суреттерін де желіге жиі жүктейді. Дегенмен, қазіргі таңда адамдардың интернет арқылы балалардың да өміріне үлкен қауіп төндіретінін де ұмытпауымыз керек.

дети

Ал төмендегі кеңестер сіздер үшін еш артық болмас еді.

Бірақ, бұл кеңестер желіге баланың суретін мүлде салмау керек дегенді білдірмейді. Тек әркез байыптылық танытып, суретті желіге салардан бұрын ақылға салып алыңыз.

Балалармен жиі уақыт өткізетін мекеннің суреті мен мекен-жайын айғақтайтын сурет салмаңыз. Ол мәселен, мектеп, спорт залы немесе қандай да бір үйірме мекемесі болуы мүмкін. Бұл арқылы зұлым ойлы адамдар мекен-жайды анықтап, өзінің арам ниетін іске асыруға талаптануы ықтимал.

12366965-Depositphotos_55666139_l-2015-1469619125-650-aa4339bde2-1469628046

Баланың қызығушылығын айғақтайтын суреттерді жариялаудан да аулақ болыңыз. Баланың неге қызығатынын білген соң, оны алдай салу аса қиынға түспейді.

031-4-2

Фото: apgazeta.kz

Баланың жеке деректерін айқын көрсететін барлық суреттерді өшіріп тастаған жөн. Су жаңа алған виза, туу туралы куәлік немесе басқа да құжаттарды жариялауға әуес ата-аналар да бар. Кез-келген адам құжаттағы баланы есімі, тегі немесе құжаттың маңызды нөмірін теріс әрекет жолында пайдаланып кетуі ықтимал.

5114036_w640_h640_vklejka

Баланың көліктің қасында тұрған суретін жария етпеңіз. Бұл ақпарат әсіресе, ата-анасының қауіпсіздігі үшін ерекше маңызды. Сіз бұлайша, қылмыскерге өз-өзіңізді ұстап бере салуыңыз да мүмкін. Мәселен, фотодағы ата-ана “көліктегі ойын” деген суреттен соң түрмеге түскен.

12366865-A441-1469620302-650-cc37386ad2-1469626662

Балаңыздың жартылай жалаңаш түскен суретін де жариялау қисынсыз. Әрине, мұндай суреттер сіздің жақындарыңыз үшін өте тартымды әрі сәтті сурет болып көрінуі мүмкін. Бірақ, мүлде басқаша көзқараспен қарайтын ауру адамдар бар екенін де естен шығармау керек.

IMG_8743

Балаларыңыз есейгеннен кейін көріп ұялатын суреттерді салмаңыз. Бұрын интернет болмағандықтан, ол ыңғайсыз суреттерді тек жақын-жуықтар ғана көре алатын еді. Ал қазіргі балалардың суреті көпшілік үшін де қолжетімді: кез-келген сурет әшкерелеуге дайын материал болуы мүмкін.

12367165-Depositphotos_115782476_original-1469621155-650-8c7b23ec81-1469628046

Балаңыздың басқа балалармен бірге түскен суретін желіге салудан қашыңыз.

дети

Балаңыздың сыныптастарымен немесе достарымен бірге түскен суреттерін жарияламас бұрын, олардың ата-анасы қарсы болмас па екен деп ойланыңыз. Сіз олардың балалары үшін жауап бере алмайсыз. Олар туралы қандай да бір ақпарат беру сіздің құзырыңызға кірмейді.

Балаларыңыздың достарымен немесе өзге балалармен түскен суретін интернетке жариялаған минуттан бастап, бұл сіздің суретіңіз емес, кез-келген адам кез-келген мақсатта пайдалана алатын “игілікке” айналып шыға келеді.

Әркез абай болып, балаларыңыздың қауіпсіздігін үнемі естен шығармаңыз.

Талқылау