Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өткен жылдың ең табысты әншілері

Салық департаменті мамандарының пікірінше, бүгінгі таңда Алматы қаласында 160-тан астам өнер иесі бар. Олардың тек 41-і салықтан жалтармайды екен. Қалталылар тізіміндегі жұлдыздардың басым бөлігінің жеке кәсіпкерлікті куәландыратын құжаттары бар болып шықты.

Еңбекқор әрі елдің сүйікті әншісі Қайрат Нұртас бірнеше жыл бойы ең табысты әншілердің қатарынан түспей келеді. Оның қой жылында тапқаны 2,5 млн долларды құраған. Оған дейінгі жылы да тура сондай ақша тапқан еді.

maxresdefault

Бұл туралы 31.kz хабарлайды.

Әншіге табысының жартысы гастрольдік сапарлар мен Халық әртісі Мақпал Жүнісовамен өткізген кешінен түскен. Оған қоса киім-кешек сататын дүкені де пайда әкелген.

“41 салық төлеушінің  2014  жылдағы  жалпы табысы 237 млн теңгені құраған. Ал 2015 жылдың  жарты жылдығында 99 млн теңгені құрады”, – дейді Алматы қаласы бойынша мемелекеттік кірістер департаментінің  қызметкері Еділ Серікұлы.

«Кешью» мен «Лашын» тобына продюсерлік ететін Баян Есентаева қалталы өнер иелерінің екінші сатысына жайғасқан. Оның жылдық кірісі – 1 млн доллар.

12335-6-shou-bizneske_bolmasa__ru

Қой жылы әнші Асхат Тарғыновтың жолы болды. Бір ғана әні “Мария Магдаленасы” әншіге 960 мың долларды қалтасына басуға септігін тигізді. Әнін көбінесе телефон пайдаланушылар қолданған. Кірісінің жартысын осы қызметтен тапса, қалған бөлігін той-томалақтан түсірген.

Бүркіт пен Аиша да дәл осындай қаржыны қалталарына басты. Екі бірдей бейнебаян түсіріп, «Хайат» атты топтың продюсері атанды.

Айқын Төлепбергенов көп жұмыс жасаған. Елімізде ғана емес, Қытайдың өзінде он екі концерт беріп қайтқан. Рейтинг бойынша әншінің жылдық кірісі – 600 мың АҚШ долларын құрайды.

Қалтаңызда қанша ақшаңыз бар деген сауалымыздан Айқын оңай құтылып кетті.

“Негізі мен бай адаммын. Бірақ байлық деген ақша емес. Байлық деген әке шешең қасында, бала шағаң қасында, достарың аман есен, еліміз құдай сақтасын, неше түрлі кикілжің жағдайлар болып жатыр, соның өзін де жақсы”, – дейді әнші.

Жылына қомақты қаржы тауып жүрген әнші мемлекетке тиісті салығын уақытында төлеп тұрады екен.

Әнші Айқын Төлепбергенов те ай сайын болмаса да, салық төлеп тұратынын, өзінің ИП-сы бар, содан өткен ақшадан салық төлеп тұратынын айтты.

Ал сахнада небәрі үш жыл өнер көрсеткен жас әнші Серік Ибрагимов шоу-бизнестен аз ақша қаратпаған. Бір жылда 300 мың доллар.

Дегенмен, әнші бұл қаржыны жалғыз өзі таппаған. Продюсері мен көмекшісінің де еңбегі барын айтады. Ал “кірісінің басым бөлігін қайдан табады?” деген сұраққа әнші: “Қазағымызда той бітпесін, тойдан, жақсылықтан” деп жауап берді.

Серіктен Мақпал Исабекова мен Әли Оқапов та қалыс қалмапты. Олардың жылдық табысы 300 мың доллар. Мақпал бар табысын актерлік қызметінен тапқан.

Актриса ретінде «Қамау» фильмінде басты рөлде ойнаған әнші кейін телехикаяға түсіп, бірнеше киноларды дыбыстаған.

maxresdefault (1)

Ал, әнші Әли Оқапов алғаш рет режиссер ретінде бағын сынап көрген.

 

Талқылау