Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өткен маусым айы әлем тарихындағы ең ыстық ай болды

Өткен маусым айы планета тарихындағы ең ыстық уақыт болды.

Өткен маусым айы әлем тарихындағы ең ыстық ай болды

Бұл туралы Дүниежүзілік метеорология ұйымы Европаның орта мерзімді ауа райын болжау орталығына сілтеме жасай отырып хабарлады.

2018 жылы ауа температурасы Сібірдің солтүстігіндегі барлық аймақтарда, сондай-ақ Орталық Канадада,Солтүстік Африкада,Таяу Шығыс пен Солтүстік Қытайда өте ыстық болды.

Үшінші орында аптап ыстық бойынша АҚШ тұр. Ай басында Калифорнияда 48,9 градус ыстық болса, Бурбанк әуежайында 45,6 градус, «Өлім мекені» ұлттық саябағында 52 градус ыстық болды.

Алжирде де аптап ыстық болды. Температура көрсеткіші 51 градусты көрсетті. Оманда да 42,6 градус ыстық болды.

Қазақстандық синоптикте де елімізде маусым айында 38 градусқа дейін күн ыситынын болжаған болатын. Әсіресе, батыс, оңтүстік аймақтарда күн ыстық болды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау