Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар өткен демалыста Түркияға бағытындағы 400-ге жуық әуе билетін кері қайтарған

Қазақстандықтар өткен демалыс күндері Түркияға бағытталған 400-ге жуық әуе билетін кері қайтарған. Бұл туралы бүгін Алматыда журналистермен болған кездесуде «Эйр Астана» АҚ компаниясының президенті Питер Фостер мәлім етті.

20160722133305

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазір Түркияға арналған трафиктің Дубай, Бангкок, Вьетнам, Грузияға бағытталып жатқандығы байқалады», – деді Фостер.

Ол сонымен қатар, өткен демалыс күндері Түркия бағыты бойынша сатып алынған 400-ге жуық билеттің кері қайтарылғандығын, Франция бағытындағы билеттердің өте аз мөлшерде қайтарылып жатқандығын атап өтті.
«Бірақ, бұл жерде Түркияға бағытталған билеттер жапппай қайтарылып жатыр деп айтуға болмайды. Дегенмен, нақты Антальяны алып қарайтын болсақ, өткен жылмен салыстырғанда жолаушылар саны елеулі түрде азайды», – деді компания президенті.

Еске сала кетсек, Стамбул мен Анкарада мемлекеттік әскери төңкеріс әрекеті орын алуына байланысты, Түркиядағы саяси-қоғамдық жағдай шиленіс үстінде.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстаннан Түркияға баратын туристер саны екі есеге төмендеп кеткен

Талқылау