Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Өтірік аралас": Есен Елеукен Тұрсынбек Қабатовтың айыбына жауап берді

Осыдан біраз уақыт бұрын Тұрсынбек Қабатов әріптесі Есен Елеукен екеуінің арасында ұзақ жылдардан бері түсініспеушілік бар екенін айтқан болатын. Сөзіне қарағанда, КТА-ны ашатын кезде Есен Елеукен екінші лига ашпауды, басқаша айтқанда, өзіне бәсекелес болмауды өтінген. Алайда Елеукеннің өзі мұны түбегейлі жоққа шығарып отыр. 

"Өтірік аралас": Есен Елеукен Тұрсынбек Қабатовтың айыбына жауап берді

Бұл туралы ол журналист Нұрсұлтан Құрманға берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

"Әркім өзінің деңгейін көрсетті. Осы сұхбатқа қатысты маған мүсіркеп қарағандар да болды. Ашуланып, неге жауап бермейсің дегендер де болды. Мен мұндайға дайын болдым. Себебі үшінші сұхбат.

Әркімнің өз шындығы бар. Өтірік аралас екені рас. Оны ашып айтып, тағы да әңгіме болғанын қаламаймын. Өзі аз ғана ұлтпыз. Қытайдан келген қандастарымыздың өзі екіге бөлініп кетті. Жабулы қазанның жабулы қалғаны дұрыс-ау. Мына жері өтірік, мына жері рас деп айтпай-ақ қояйын", - дейді Елеукен.

Қабатов өз сөзінде "Жайдарман" ойындары ашылатын кезде Елеукенге жүргізу туралы ұсыныс тастағанын да айтқан болатын. Бұған қатысты да "Жайдарман" басшысының жауабы дайын.

"Тіпті, оның сондай ойы бар екенін білген жоқпын. Хабарласқаны рас. Бірақ маған орын дайындап қойдым деген жоқ.
Екінші лиганы ашпашы деген әңгіме болған жоқ. Бірақ не үшін қажет деп сұрадым. Балалар керек болса, беремін дедім. Кейбір бағдарламаларға жігіттерді жібермеді депті. Мен, тіпті оның түсірілгенін де білмеймін.

Өзі тікелей хабарласпайды. Қасында жүрген көмекшілері хабарласады. Арамызда ондай әңгіме болған жоқ. Өзі хабарласатын болса, мен еш уақытта оған "жоқ" деген емеспін", - дейді Елеукен.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр