Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өтешов пен Қыдырбаев “допинг қолданған” деп айыпталып жатыр

Ауыр атлетикадан Хьюстондағы әлем чемпионатында күміс және қола медаль алған Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев «допинг пайдаланды» деп айыпталды.

2015-11-26T214605Z_1314477724_NOCID_RTRMADP_3_WEIGHTLIFTING-IWF-WORLD-CHAMPIONSHIPS-640x457

Бұл туралы alaman.kz хабарлайды.

Бұл туралы IWF ресми сайтында жарияланған. Өтешов пен Қыдырбаевтан бөлек Ермек Өміртайдың да қанынан рұқсат етілмеген препараттың ізі табылған.  Барлық споршымыздың анализдері екінші тексеруге жіберілген.

75 келіде қола алған Ольга Зубова да допинг қолданғандар тізімінде бар. Оның допинг қолданғаны расталса қола медаль Светлана Подобедоваға беріледі.

Сондай-ақ 105 келіден жоғары салмақта әлем рекордын орнатқан ресейлік Алексей Ловчев та допинг қолданғандар тізіміне енген.

IWF барлығы 17 спортшы допинг қолданғаны туралы ақпарат таратты. Егер спортшылардың допинг қолданған екінші тексерісте расталса, спорттан екі жылға шеттетіледі.

Талқылау