Өтемұратов: Қазақстан  теннисін дамыту үшін 60 млн АҚШ доллар қаржымды салдым

Сейсенбі, 5 Желтоқсан , 2017 16:21

Бүгін ҚР Теннис федерациясының қорытынды есептік конференциясы барысында федерация президенті Болат Өтемұратов спорттың осы саласын қаржыландыру мәселесі жайлы айтты,- деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз қазір соңғы 6 жылдан бері әлемдік топқа кірдік. Түрлі орындарда болдық бұған дейін, қазір ең мықтылар қатарындамыз. Әлемдік топ-16  команда. Легионерлер, оларды журналистер қалай атаушы еді? Олардың барлығына өз қаражатымды жұмсадым. Мемлекеттің емес, бюджеттік емес өзімнің қаржымнан төлеп тұрдым»,-деді Өтемұратов.

Оның сөзінше отандық теннисті көтеру үшін  60 миллион доллар ақшасын салған.

«Кімнің ақшасы? Ол менің ақшам. Мен өткен жылдарды есептеп қарасам 60 миллион доллар салыппын. Қандай да бір федерация білсеңіздер айтыңыздаршы, өз ақшасын біреу осылай салып жатқан. Соңғы төрт жылда бюджет қаржысынан барлық шығынның 30 пайызын алып отырмыз. Қалған 70 пайызы жекелеген азаматтардың қаржысы»,-деді ол

«Тенниспен айналысу үшін инфрақұрылым салу бойынша өзімізге алған міндеттемені орындадық және 2017 жылы еліміздің барлық өңірлеріндегі корттар санын 184-ке жеткіздік. 2018 жылдың басында Петропавл қаласында бірінші теннис орталығы ашылды, осылайша біз бүкіл Қазақстанды қамтитын боламыз», – деді ол.

Оның айтуынша, елімізде теннис орталықтарын салудың екінші кезегі басталады. Ағымдағы жылы Шымкенттегі жұмыс істеп тұрған теннис орталығында екі жабық корт, жаттығу залы мен қонақ үй пайдалануға беріледі. Осылайша, бұл орталық халықаралық стандарттарға сәйкестендіріледі.

«Келесі жылы Алматыда «Эйс» жаңа теннис орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Ол жеке инвестиция есебінен, Теннис федерациясының толықтай қаржыландырумен салынып жатыр. Сонымен қатар Ақтөбеде де тағы бір теннис орталығы салынуда. Астанада да 14 корты бар теннис орталығы салынатын болады. Мұнан бөлек, Қарағанды, Ақтау, Тараз қалаларында құрылыс жұмыстарын бастаймыз. Қызылордада жабық корттар санын арттырамыз», – деді Болат Өтемұратов.

ҚР Теннис федерациясы президентінің айтуынша, еліміздің шағын қалаларында да теннис орталықтарын ашу көзделуде. Қазіргі уақытта Лсаковск пен Рудный қалалаларында салынатын теннис орталықтарының жоба қабылданған.

«Талдықорған мен Қостанайда да жаңа теннис орталықтарын мүмкіндігінше салу қажет. Ал Өскеменде жұмыс істеп тұрған орталық базасында корттар санын арттыру қажет болады», – деді ол.

Оқи отырыңыз

Бойжеткен рак дертін екі рет қалай жеңгенін айтып берді

Алматы облысының тұрғыны рак ауруын жеңіп шықты

Рак дертін жеңген қазақ қызы АҚШ-та өз кәсібін ашқан

Өмір үшін күрес: Ракты жеңген жандар (фото)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар