Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өтемақыдан ТҚЖБ-ның салымшылары жинақтарын 32,9 млрд. теңгеге арттырды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы) өз клиенттерінеұлттық валюта бағамындағы айырманың бірінші бөлігін төлеуді аяқтады.

жссб

Нәтижесінде 338 мың депозитке өтемақы төленді. Қалған 28 млрд. теңгені банк салымшылары 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін екінші траншпен алатын болады. Қорытындысында, толықтыру коэффициенті 35,5%-ды құрайды. Сонымен қатар, Ranking.kz хабарлағандай, басқа банкілерде депозиті бар салымшылар салым сомасынан 21,5% өтемақыға ие болады. Ұлттық Банктыңекінші дәрежелі басқа банктер клиенттеріне өтемақы төлеу үшін сақтаған 77,6 млрд. теңгесі ҚТҚЖБ-ның салымшыларына төленетін өтемақыдан бар-жоғы 27,4% -ға артық.

«Өтемақыға біз өзіміздің соңғы 5 жылда тапқан бар табысымызды қосып төлеп отырмыз. Төлемдердің пайызы едәуір ұлғайғаны да содан», – деп мәлімдеді, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Айжан Медеуова.

Осылайша, ҚТҚЖБ-дағы ұзақ мерзімді салымдар сомасы 2016 жылдың 1 тамызында 362 млрд. теңгені құрады. Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша, бұл ҚР азаматтарының жалпы көлемі 1 трлн. теңгеден асатын барлық ұзақ мерзімді жинақтарының үштен бірі.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ұзақ мерзімді салымдар бойынша көшбастауының бірнеше себептері бар. Біріншіден, салымшылар бұл мемлекеттік банк деп сенім артады. Оның жарғылық капиталы – мемлекеттік ақша.Халық мемлекетке қалай сенсе, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне де солай сенеді. Жекеменшік банктер туралы мен бұлай айта алмаймын. Екінші фактор – Банк Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақтары бойынша шот ашудың жалғыз операторы», – деп есептейді,экономист Ильяс Исаев.

Сарапшылардың айтуынша, жинақ шотын аша отырып, баспаналы болу үшін жинақ ашушылар саны артып келеді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұзақ мерзімді салымдар көлемінің төмендеуі туралы бірде бір рет есеп берген емес, ал 2011 жылдан 2016 жылдың мамырына дейін ай сайынғы орташа өсімі3,3% құрады.

Талқылау