Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өте қауіпті жол апатына түскен жігіт адам сенгісіз жағдайда аяққа тұрып кеткен (фото)

Жас жігіт өте қауіпті жол апатынан кейін аяғына тұрып, тіпті бодибилдингтен жарысқа да қатысқан.

1467295237_dobivatsya-celi

Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.

Шейн Дейк өте апатты жағдайға ұшырап, жүре алмай қалған. Мотоциклді өте қатты айдаған жас жігіт рөлді басқара алмай қалып бетон қабырғаға соққан. Апаттан соң ол кеудесінен бастап табанына дейін жансызданып, жатып қалған.

1467295134_molodoy-paren-smog-stat-na-nogi-posle-sereznoy-avarii-i-dazhe-prinyal-uchastie-v-sorevnovaniyah-po-bodibildingu-1

Ауруханаға түскен соң дәрігерлер оның 15 омыртқасы сынғанын анықтаған. Жас жігіттің омыртқаларын жинап, оны алғашқы қалпына келтіру үшін хирургтар оған 12 сағат операция жасапты.

1467295134_molodoy-paren-smog-stat-na-nogi-posle-sereznoy-avarii-i-dazhe-prinyal-uchastie-v-sorevnovaniyah-po-bodibildingu-4

Алайда дәрігерлер жігіт ешқашан жүре алмайды деген анықтама береді. Бірақ дәрігерлердің бұл сөзіне сенбеген Шейн күніне сегіз физиотерапевтпен бірге жаттыға бастайды.

1467295163_molodoy-paren-smog-stat-na-nogi-posle-sereznoy-avarii-i-dazhe-prinyal-uchastie-v-sorevnovaniyah-po-bodibildingu-2

“Апаттан соң бірнеше күннен кейін дәрігерлер маған 1 пайыз ғана мүмкіндік бар деді. Алайда мен оларға мүлде сенбедім де жүруді үйреніп жаттыға бастадым. Тіпті жүгіруге де талпындым”, – дейді 23 жастағы жігіт.

1467295169_molodoy-paren-smog-stat-na-nogi-posle-sereznoy-avarii-i-dazhe-prinyal-uchastie-v-sorevnovaniyah-po-bodibildingu-3

Қазір жігіт жол апатынан кейін толықтай қалпына келген. Ол жаттығу жұмыстарына тұрақты қатысып, тіпті бодибилдингтен өткен сайысқа да қатысып үлгеріпті.

Талқылау