Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отбасыңда асыранды қызсың ба?: Мұғалім жыртық киім кигені үшін оқушы қызды жылатып тастады (видео)

Орыс тілі мүғалімі киіміндегі жыртық үшін оқушы қызды жерден алып, жерге салды. Бұл оқиғаны өзге оқушылар видеоға түсіріп алған.

Видеода мұғалімнің сөзі анық естіледі.

“Сенің ата-анаң бар ма? Ата-анаңның есі дұрыс па? Әлде сенің есің дұрыс емес пе? Отбасында асыранды қызсың ба?”, – дейді мұғалімі.

Оқиға Ресейдің Сахалинск облысында болған. Кейіннен мұғаліммен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Оқушы мен оның ата-анасынан кешірім сұрады. Бұл оқиға ата-аналар жиынында қаралатын болады. Облыстық прокуратура видео тараған соң істі тексеруге алды.

Желі қолданушылары мұғалімнің әрекетін сынға алды.

“Мұғалімнің өзінің есі дұрыс па, жыртық киім үін сонша сөкені несі” деп жазды олар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау