Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отбасымда 7 бала болды: атақты бизнесмен көпбалалы отбасында өмір сүргеннің қандай екенін айтты

Отбасында 7 бала болған, көпбалалы отбасынан шыққан қазақстандық танымал кәсіпкер Зейнолла Кәкімжанов үлкен отбасында өмір сүргеннің қандай екенін және оның жетістікке жетуге қалай көмектескенін айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Отбасымда 7 бала болды: атақты бизнесмен көпбалалы отбасында өмір сүргеннің қандай екенін айтты

Кәсіпкер өмір тарихы жайлы желідегі парақшасында бөлісті.

Бүгінде танымал кәсіпкер болған Зейнолла Кәкімжанов есімді азамат отбасымен қазіргі ШҚО-дағы Шарск қалалық типті елді мекенде тұрған. Әкесі темір жолда инженер болып жұмыс істеген. Анасы есепші болып қызмет еткен және үй шаруашылығымен айналысқан. Ал балалар бір-біріне қарап, ер жеткен.

«Үйдің үлкендері кішкентайларды бағып, қараған. Ал барлық баланың жұмысы мал мен бақшаға қарау болды. Ата-анам үйге нан, ұн, қант, шайдан басқа ештеңе сатып алмайтын. Ал ет, сүт өнімдері, көкөніс, тұздықтар, картоп, жеміс-жидек бәрі әрдайым үйдікі болды. Ата-анамның шағын советтік жалақысы тек киім-кешекке ғана жететін. Үйде жиһаз деген аз болды, оның үстіне ата-анама малға жем алып, шөптің ақшасын төлеп, шаруа қожалығына арналған заттар сатып алу керек болатын»,- дейді кәсіпкер.

Сол үйден екі үлкен әпкесі оқуға түсіп, Алматыға оқуға кетіпті. Кейін отағасы балаларының жақсы білім алғанын қалап, отбасымен Семейге көшіп кетеді. Семейдегі үкіметтік үйлерінде жеті адам тұрған. Арасында демаслыс сайын, оқудағы екі әпкесі келіп тұрған.

«Бұл пешпен жабдықталған 6 шаршы метрлі асүй болды. Кішігірім дәлізі, пеш пен титанмен жабдықталған жуынатын бөлме және үш бөлмесі бар үйде тұрдық. Яғни 33 шаршы метрден көп емес. Ең бастысы – шамамен 2 шаршы метрлі бақшамыз болды. Онда біз гараж және тауықтар мен қойларға арналған қора салып, қыста көкөніс пен тұздамаларды сақтауға арналған жертөле қаздық. Үйіміз дәл теміржол желісінің жанында болды. Күні-түні тепловоздардың даусын естіп, көзді ашытатын түтінін иіскеп өстік»,- дейді ол.

Отбасы үйдің маңында бау-бақша өсіріп, қорада мал ұстап күн көрді. Ал көктемнен бастап күзге дейін барлық балалар көшеттер отырғызу, оларды суару, шөп отау, көкөніс жинау, жаңа дақылдар отырғызу, жинау, тұздық жасау, жақын маңнан қой мен тауық жейтін шөн іздеу секілді үй шаруышылығымен айналысып, жұмыс істеді.

«Үй, қора, қоршау жөндеу, көмір тиеу, пеш жағу секілді жұмыстарды біз, яғни балалар атқардық. Ата-анамыз жұмыста болғанда барлығын өзіміз істейтінбіз. Ата-анамыздың жалақысы қарапайым киім-кешек, бензин, кейбір керекті жиһаздар мен теледидар, құрал-саймандар, шеге, шам және негізгі азық-түлік өнімдерін сатып алуға ғана жетті. Семейге көшіп келгеннен кейін қалада сиыр ұстау мүмкін болмаған соң, сүт өнімдері мен етті базардан сатып алу керек болды», – дейді кәсіпкер өткені жайлы.

Ол қолынан келгетіннің бәрін үйде шаруа қожалығында жұмыс істеп жүріп үйренді. Бала күнінде үй шаруасына көмектесіп, жұмыс жасағанының арқасында бойында барлық еңбек дағдылары, негізгі еңбек дағдылары қалыптасып, өмірімнің негізі болды. Әрине, жақсы мектеп тәрбиесі – оның өмірімнің маңызды бөлігі. Бірақ, ондай білімді бәрі бірдей алғанымен, білімді жақсы өмірге айналдыру бәрінің қолынан келмеді. Кәсіпкердің айтуынша, оған білімді жақсы өмір сүрудің кілтіне айналдыруға өзінен үлкен аға-әпкелерінің жетістігі себепші болған. Аға-әпкелер білімнің, еңбектің арқасында өз болашағын құрып қана қоймай, өзінен кіші бауырларына үлгі бола білді.

Кәсіпкер өз өмір тарихын ғана емес, сол арқылы көпбалалы отбасылардың өмірінің басты қиындықтарын айтып өтіп, бұрынғы мен қазіргі заманды салыстырып өтті.

«Ол уақыттың негізгі айырмашылығы о кезде, іс жүзінде барлық адамдар бірдей нашар тұрды. Қазір біз көпбалалы отбасылар үшін өте қиын қоғамда өмір сүреміз. Бізде қоғамның жіктелуі бар. Ол кезде мектеп өз ауданыңда болатын, бүгінде мектептер үйден алыс. Ол уақытта жоқ дегенде қарапайым жұмысшы болып жұмысқа орналасу мүмкін болды, ал бүгінгі күні барлық мамандықтар жоғары бағаланбайды. Біздің қоғамда мамандықтың құндылығы кетіп, бұрмаланып жатыр. Қазір фермада жұмыс істегеннен гөрі, қалада аз ақшаға болсын күзетші болып жұмыс істегенің жақсы. Ол кезде тұрғылықты мекен-жайды өзгерту қиын болды. Жалға берілетін тұрғын үй нарығы деген болмады, ол заманда тіркеу жүйесі болған. 70-ші және 80-ші жылдары жаңа тұрғын үй салу бірқатар шектеулерге байланысты мүмкін болмады, ал бүгінгі күні тұрғын үй айтарлықтай қолжетімді. Яғни, қаладағы үйлер қымбат болса, ауылдық жерлерде арзан.

Бірақ, тұтастай алғанда, қазір көпбалалы отбасылардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасалған, бірақ үлкен қалаларда емес. Мен ауылда еңбек еткен адам ретінде, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы дамып келе жатқан ауылдарда көп балалы отбасылардың өмір сүруіне жақсы жағдай жасай жасалғанына сеніммен айта аламын.

Әрине, әрбір отбасы тұратын жерді өзі таңдауға құқылы. Бірақ, қала мен аймақтың экономикасын дамытудағы экономиканы және келешек тенденцияларды білетін адам ретінде, сіздерге Алматы, Өскемен, Қарағанды, Тараз сияқты ірі қалаларда жағдайы төмен көпбалалы отбасылардың болашағы үшін қалыпты өмір сүру жағдайы жоқ екенін айта аламын.

Біздің экономика әлі күнге дейін дамудың инновациялық жолына шықпады. Ал қалаларда «дәстүрлі» салалардың ауқымы азайып, өмір сүрудің құны, жеке меншік тұрғын үй құрылысы қымбаттауда. Тіпті, мектептің білім сапасы төмендеп, үлкен қалаларда өмір сүру қиын болып барады.

Өмірдің жағдайын және оны қанағаттандыратын өмір сүру сапасы деген ұғым бар. Сапалы өмір сүру – сапалы азық-түлік, таза су, жұмыс және оқу орнынның жақындығын, қажетті әлеуметтік инфрақұрылымның болуы, ата-анардың балаларға көңіл аударуға мүмкіндігі болатын жақсы жұмысты талап етеді. Міне, әсіресе көпбалалы отбасыларға дәл осындай өмір сүру сапасын таба алатын жерлер бар, бірақ үлкен қалаларда емес.

Мен үй шаруашылығында көп жұмыс істедім және бұл менің бүкіл еңбек тарихымның негізі болды. Менің ұлдарым әлемдегі үздік университеттерде оқып, жақсы білім алды, бірақ олар кезінде мен солардың жасында қалай жұмыс істесем, солай жұмыс істей алмайды. Мен оларды физикалық еңбекке үйретпегенімді түсіндім. Ал физикалық еңбек адамзатты өзгерткен және ол қазір де бүкіл адамның өмірінде үлкен, маңызды рөл атқарады.

Көптеген достарым мен жолдастарымның арасында да бір заңдылық байқалады. Мұнда кәсіптік, шығармашылық, материалдық және рухани дамудың ең жоғары деңгейіне, жетістікке жеткендер – ауылдық жерлерде өскен балалар, олардың көпшілігі көпбалалы отбасынан шыққандар. Олар да үй шаруашылығында көп жұмыс істеп, мектепте жақсы оқыған. Бірақ, бәрінен де өзін-өзі тәрбиелеумен айналысып, өмірлік мақсаттарын іске асыруға қатты құлшыныған. Және бұл олардың өмірінің негізі, яғни іргетасы болды.

Олардың көпшілігінің ауыл шаруашылық саласына инвестиция жасап жүргеніне қатты қуанамын. Бұл тек ішкі жан дүниенің қалауы ғана емес, сондай-ақ біздің халқымыздың жақсы өмір сүруіне қалай жағдай жасауға болатынын түсіну», – дейді кәсіпкер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау