Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отбасыма тіл тигізбеңіздер: Ауыр дертті жеңген Әнел ата-анасы мен бауырлары туралы айтты

Соңғы уақытта ел аузынан түспей жүрген Әнел алғаш рет ата-анасы мен бауырлары жайында айтып берді. Бойжеткен жақындары туралы сұрай беретін жандарға ренжіп қалған ұқсайды. Ол кезекті жазбасын отбасы туралы білгісі келетіндерге арнап, алдағы уақытта шындыққа жанаспайтын әңгімелер таратуды доғаруды өтінді.

марлен анель папасы

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Марлен мен Әнел 2015 жылы шариғат заңдары бойынша некелерін қидырған. Алайда әлі заңды түрде үйленбеген. Некеге қос тараптың ата-аналары рұқсат беріпті. Заңды түрде қыздарын ұзатпаса да, Әнелдің ата-анасы Марленді күйеубала ретінде көреді.

Ал үнемі Марлен жайлы еститін жұрт Әнелдің отбасы туралы сұрай беретін көрінеді. Дәл осы себепті бойжеткен кезекті жазбасын отбасына арнады.

“Суретте әкем мен Марлен, шамамен 2013 жыл болуы керек. Бұл жолы баға жетпес байлығым – отбасым туралы жазғым келіп отыр. Біздің отбасымыз 5 адамнан тұрады: әкем, анам Гүлнар, әпкем Әсел, ағам Жандос және мен.

Ата-анамнан бастайын: әкем ешқашан маған «жоқ» деп көрмеген адам, үнемі мені еркелеткен ардақты жан. Мен ауырған күннен бастап ем-домды төлеу үшін «машина» ұқсап жұмыс істеді. Мен талып қалған кезде жалаң аяқ ауруханаға көтеріп алып баратын, ал кейін әбден жылаған, көзі қызарған күйде үйге алып келетін. Анам Гүлнар үнемі жанымда, менің жаным ауырғанда жаны сыздайтын, алайда мені көргенде қайғысын ішіне жұтып, жадырап сала беретін жан. Жалғызым, туған әпкем Әсел, жаным сол, ол болса көз жасын тыя алмайды. Әр операция сайын көз жасын көлдетіп мені ота бөлмесіне шығарып салады. Оның жасын көрмесін деп анам оны палатадан қуып шығушы еді. Жездем екеуің көрсеткен қолдауларыңа рахмет.

Ағам Жандосқа келсек, жеңгем екеуінің қолдауын сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Алғаш рет ота жасалғанда мен 24 ай бойы ауруханада жаттым. Ағам менімен кездесуге күнде келетін, ал сүйікті жеңгем Аяна ауру жұқтырып аламын деп қорықпастан, күн сайын ағаммен және сәбиімен бірге түрлі тәттілер алып келетін. Нағыз отбасы деген осы шығар!

Шынымды айтсам, сонша уақыт ауруханада жатқанша өле салған артық шығар деп ойлайтынмын. Сондай сәттерде ағам кеңес беріп, мені жұбататын. Ол әркез Жаратқанның тек адам көтере алатын сынақты беретінін айтатын және оның сөздері маған күш беретін! Отбасымның арқасында операцияны оңай өткердім, бір жыл да зулап өте шықты. Жалпы бір шаңырақ астында тұрып, бір дастарханнан дәм татып жүрген кез келген отбасы осылай күресер еді деп ойлаймын.

Бұл парақша Марлен екеумізге ғана арналған, сондықтан отбасым жайлы сирек жазамын. Тіпті, денемді тілген кез келген пышақтың ауыртпалығын (тура мағынасында) көтере аламын, бірақ менің отбасымды сөз етіп, арқама «пышақ» сұққанды көтере алмайды екем. Осы жазбадан кейін көпшілік өздерін мазалаған сұрақтардың жауабын табады деп ойлаймын. Отбасыларыңызды сақтаңыздар, себебі оларды ешкім алмастыра алмайды”, – деп жазды Әнел.

Жіберіп алмаңыз:

Дәрігер үміт жоқ деген: Марлен мен Әнел ауыр дертті қалай жеңгендерін айтып берді

Ернардың клипі 3 күнде миллион рет қаралып, Еркенің рекордын бұзды (видео)

Карина Абдуллина: Болатты құлай сүйгенімді ол қайтыс болған соң бірақ түсіндім

Ең бақытты күн: Астанада Дана Нұржігіттің үйлену тойы дүркіреп өтті (фото, видео)

Талқылау